Елші ел басқарады HD
Өмірзақ Шөкеевтің орнына Дархан Сатыпалды әкім болып келді. Ол аймақтың жаңа басшысы дегенмен елдің саяси өміріне 20 жылдан астам уақыт араласып келе жатқан тәжірибелі шенеунік. Түркістан облысының тумасы. Қызмет жолын 1996-шы жылы экономист болып бастаған. Содан кейін Қаржы министрлігінде, артынша Қазақстан Республикасы іс басқармасында лауазымды қызметтер атқарды. Білім және ғылым министрлігінде де еңбек еткен. Тіпті, 2010-2011 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментін басқарыпты. Содан соң Шымкент қаласының әкімі, артынша сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 1 жыл Сенатта депутат атанып, 2019-шы жылдан бүгінге дейін Өзбекстандағы елші болған. Айта кетерлігі, жаңадан ашылған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев та бірнеше елде елші қызметін атқарған. Telegram Qaz - https://t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - https://t.me/atamekenbusiness Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ Instagram - https://www.instagram.com/inbusinesskz/ Facebook - https://www.facebook.com/atamekentv.kz Facebook - https://www.facebook.com/inbusiness.kz Tik-Tok - https://www.tiktok.com/@atamekenbusiness «Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv Cайт - https://inbusiness.kz Atameken Business Programs - https://www.youtube.com/channel/UCQpzmeBWqEYS8O2XaUzRytA #AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана
Похожие видео
Показать еще