BN - Мектеп (audio) HD
Əліппені алып, əріптер танып Таудай болғанбыз тарыдай болып барып Гүлді көктемім, күндей мектебім Шашатын ертеңіме жарық Қайырмасы: Партадан қол создық аспанға Жаңа өмір бастауға Жетеміз біз асқарға Сол бір күніміз Мөлдір сырымыз Естең кетпейтін мәңгі 11 жылымыз Біздегі сенім тəрбиең сенің Мектебім алтын ұям менің Рэп: Кел балалар оқылық Деген сөзден басталған Өмір деген мектепке Алғаш есік ашқаннан Ұстаз берген қолыма Ең алғашқы əліппе Түстім арман жолына Қырық екі əріппен Толы болған қызыққа Туған үйдей сыйлы ұям Қазақ тілі физика, алгебра, химиям Ең алғашқы еркелік Сабақтардан қашқанбыз Күлім қаққан класстас Жүзінен нұр шашқан қыз Естен кетпес көктемім Жүрегімнін жыр əні Ақ күнбезді мектебім Бақытымның тұрағы Сол бір күніміз Мөлдір сырымыз Естең кетпейтін мәңгі 11 жылымыз Біздегі сенім тəрбиең сенің Мектебім алтын ұям менің Қайырмасы: Партадан қол создық аспанға Жаңа өмір бастауға Жетеміз біз асқарға Әні:Шоxан Уалиxан Сөзі:Ринат Зайытов
Похожие видео
Показать еще