Қаладан жаз Жайлауға ... Қызықты сәттерi, жобанын сонғы бөлімi. (12,13)
«Байланыс аясынан тыс жерде» бағдарламасының бүгігі шығарылымында көпшіліктің назарына ұсыналған 11 бағдарламаға шолу жасап, жобаның мақсат-мұратын айқындап, көрерменге не бергені жайында баяндайтын боламыз. Сондай-ақ түсірілім барысындағым қызықты сәттерді еске түсіреміз. Ал келесі бағдарламада жеңімпаз команданы анықтап, «Байланыс аясынан тыс жерде» реалити-шоуын қорытындылаймыз. Ұлттық өнер, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, атакәсіп, ауыл тіршілігі мен дала философиясынан хабар беретін бұл жоба бүгін өз мәресіне жетпек. Осы күнге дейін 11 бағдарлама түсіріліп, 3 айға созылған жобамызды қорытындылайтын сәт келді. Бүкіл республикадан арнайы кастинг арқылы жиналған 12 қатысушы 11 бағдарлама бойы қазақтың ұлттық өнерімен, спортымен, дәстүрімен, ғұрпымен, кәсібімен танысты. Өмірлік тәжірибе жинады. Ой қорытты. Қай топтың бағы жанып, жеңіске жетті? Бағдарламаны соңына дейін қарап шығыңыздар!
Похожие видео
Показать еще