11.QARAKESEK–ЖАРЫҚҚА ["АСПАН"] | 2017 HD

06.09.2017
Зая кеткен, зая кеткен уақытым, Апармады ауласына бақыттың Сені, мені, оны, оларды, Жалпы, бізге ұқсастарды. Қазір арғы бетін армандағам бұлтты аспанның. Өмір өтіп, бітіп таусылады, Сен мән аудар бұған, мұнда шындықтың аузы бар. Сөйлейтін құлағың арқылы тура жүрекке, Ал сен аузыңды жаба тұр, сөйлеп шірітпе! Белгісіз өмірің, белгісіз нөмірің, Әйтеуір тірісің, көріңді көрмедің әлі. Ал маған көрінді жалғанның арғы жағасы, Оған себеп – қартайып жатқан әкем мен анашым. Уақыт өз-өзін жұтты, бізді не қылады дейсің, Уақыт ертең ескертіп жатпасын Тозақтың иісін. Ескере гөр, уақыт жанып тұрған ошағыңды өшіре салады, Уақыт бар, тез Аспаннан кешірім сұра. (Кешірім сұра) Қайырмасы: (2 рет) Есіңде ме баяғы «Өлме»-лер, Қараңғы бөлмелер? Түнекке кетсең, өрмеле жарыққа! Ауылға көктем келді, көңілді көтереді, Хех, мәз бәрі, бірақ күліп тұрып жөтеледі. Жөтеліп тұрып ақылды болады көп сөйлеп, Мен өмірге келгелі көргенімнің көбі – көксерек. Я, маған на х*й, айтшы, сенің өтіп кеткен өмірің, Сенің қателіктерің, сенің сөндірулі нөмірің? Үй жақтағылар аман, Тәңірім жарылқасын, Қоштасу қиын жақынмен алқымы тарылғасын. Өлім келгенде менің көз алдымнан табылмайсың, Өмір шынымен өзен болса, өзен боп аға алмайсың. Әрбір жақсылықтарыңа «бес» деген баға алмайсың, Сөніп қалған ошағыңды қайтадан жаға алмайсың, ей. Қалардай мәңгі жер бетінде, Бола ма адасып кетуге? Қайырмасы: (3 рет) Есіңде ме баяғы «Өлме»-лер, Қараңғы бөлмелер? Түнекке кетсең, өрмеле жарыққа!

Похожие видео