Жанболат Ербатыров & Жазира Байырбекова – Ой, жайлау (БейнеМәтін) HD

03.11.2019
====================================================== Халық әні ====================================================== Бұлағы қандай жайлаудың, бұлағы қандай ай Жұтамын мөлдір кәусарын құмарым қанбай, ойжайлау Өзіңе қарай тартады сұлулық шіркін ай Сол жақта менің сырғалы сыңарым бардай, ойжайлау Мөлдір де мөлдір бұлағың, Сылдыр да сылдыр құрағың Күмбір де күмбір домбыра, Жайлауым осы шырағым Мөлдір де мөлдір бұлағың, Сылдыр да сылдыр құрағың Күмбір де күмбір домбыра, Жайлауым осы шырағым Жайлауым осы шырағым Ауасы қандай жайлаудың, ауасы қандай оу Көңілге шипа жүрекке дауасы бардай, ойжайлау Бұршағы қандай, жауыны, дауылықандай оу, Жусаны қандай, шіркін ай, жуасы қандай, ойжайлау Желбір де желбір тұлымың, Желіге байлап құлынын Қос өрім ерке бұрымың, Жайлауым осы сұлуым Желбір де желбір тұлымың, Желіге байлап құлынын Қос өрім ерке бұрымың, Жайлауым осы сұлуым Жайлауым осы сұлуым Көгілдір жайлау, көлдердің тұнығы қандай оу Кетпейді ешкім бұл жерден тынығып алмай, ойжайлау Қымызы қандай, шіркін ай, қымызы балдай оу Қымызды құйған қыздардың қылығы қандай, ойжайлау Төрт түлік малың өрісте Жайлауым биік келіскен Кем емес ешбір пейіштен, Жайлауым осы, періштем. Мөлдір де мөлдір бұлағың, Сылдыр да сылдыр құрағың Күмбір де күмбір домбыра, Жайлауым осы шырағым Жайлауым осы шырағым Жайлауым осы... шыра...ғым... ======================================================

Похожие видео

Показать еще