Футбол. «Астана» – «Қайрат» 0:1 HD
Футболдан Қазақстан премьер-лигасы шарықтау шегіне жетті. Жүлдеден үмітті алғашқы алтылық арасында тартыс қызды. «Ақтөбе» «Атыраудан» 1:0 есебімен айласын асырып, үздік үштіктің қатарына қосылды. Ал «Ордабасы» «Ертіспен» ұпай бөлісті. 26-шы турдың орталық кездесуі «Астана» мен «Қайрат» арасында өтті. Биылғы чемпиондық атақты «Астана» мен «Қайрат» сарапқа салатын секілді. Дәл қазір Қазақстанда осы екеуінің алдына түсетін ешкім жоқ. Елордалықтар чемпиондар лигасындағы ойыннан кейін алматылық командаға қарсы тыңғылықты дайындалды. Алайда Станимир Стойлов шәкірттері шаршаңқы көрінді. Ел дербиіне баланған матчта чемпиондық тәждің де тағдыры шешіледі дегендер көп болды. Бір ойын кем өткізген «Астанаға» қарағанда «Қайратқа» жеңіс қажет еді. Владимир Вайсс жігіттері өз мақсатында 57-минутта жетті. Сол қапталдан басталған шабуылға Жерар Гоу дем беріп, командаласы Исаэльді паспен жарылқады. Бразилиялық футболшы мүмкіндікті мүлт жібермеді. Владимир Вайсс «Қайрат» ФК бас бапкері -Біз үшін бұл жеңістің маңызы зор. «Қайрат» чемпиондық атаққа алғашқы қадамын жасады. Алайда бас жүлдеге талас әлі де жалғасады. Алдағы кез келген кездесу біріншіліктегі шешуші ойындар болмақ. Станимир Стойлов «Астана» ФК бас бапкері -Ойын тең жағдайда өтті. Алайда үзілістен кейін «Қайрат» өз мүмкіндігін жүзеге асырды. Біз өзімізде бар басымдықты нәтижеге айналдыра алмадық. «Астана» мен «Қайрат» арасындағы тартыс кездесу соңына қарай шиеленісе түсті. Алаң иелері таразы басын теңестіретін сәттерде мүлт кетіп жатты. Елордалық команданы қолдауға жиналған жанкүйерлер бұл күні Георгий Жуковтың аты-жөнін таблодан емес, футболшының көлігінен көрді.
Похожие видео
Показать еще