"Мейірімділік журектен" 5 В сыныбы. №29 жббом. Ақтау қаласы HD
ШУАҒЫМСЫҢ, АНА! 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 5 "В" сыныбының оқушыларының қатысуымен "Шуағымсың - АНА" атты тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар шара барысында әжелеріне, аналарына және ұстаздарына деген құттықтау лебіздерін әнмен, бимен және өлең жолдарымен жеткізді. Мектептегі тазалықты сақтау, мәдениеттілікті қолдау мақсатында сыныптың жігіттері мектептегі кіші қызметкер апайларды мерекесімен құттықтап, гүл сыйлады. Сынып жетекшісі - Байбатырова Лаура.