"Ең үздік ата-ана комитеті" байқауының 2 кезеңі HD

28.11.2019
№60 ЖББОМ 2019-2020 оқу жылында ұйымдастырылған "Ең үздік ата-ана комитеті" байқауының 2 кезеңінде "Егер мен класс жетекші болсам..." кезеңі бойынша 4 "З" класс ата-анасы Кенжебаева Жұлдызай Жейдехановна "Жаңарған ұлттық бренд " тақырыбында класс сағатын өткізді. Білімі: жоғары Мамандығы: ТОО "Автопарк" кадр бөлімі - бас маман. Мақсаты: Бүгінгі күннің, қазіргі жаһандану дәуірінің, басты талабы – өркениетті қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу. Әлем елдерімен қабырғасын теңестіруді меже етіп отырған елдің білімді бүлдіршіндері тәуелсіздікті нығайтады, ұлттық тәрбиемен сусындаған ұрпақ болашақты гүлдендіреді деген сенімді мақсат қылып, ата-ана, бала, мектеп арасындағы байланыстың тығыздығының бір нәтижесі екендігіне көз жеткізу.

Похожие видео