Күнделікті жаңалықтар 27.09.2018

01.10.2018
Ақсай қаласының күні қарсаңында өмірге нәрестелер келіп, қала аудан халқының саны толықты. Осы айтулы күні өмірге перзенттер әкелген аналарды қала басшылығы құттықтап, шағын сыйлықтарын табыстады. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, бабалар жолын дәріптеп Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген Абайтанушы Омар Жәлелұлы жұмыс бабымен облысымызға келген болатын. Жақында ғана Ақсай қаласының №3 ЖББОМ белгілі философпен рухани кездесу өтіп, жиналған қауым керемет кешке куә болды. Ұстаз мәртебесін арттыру, өз қызметтерінде үздік көрініп жүрген педагогтардың жұмысымен таныстыру, ұстаз атын ардақтау мақсатында Бөрлі аудандық білім беру бөлімі жаңа бір жобаны қолға алғаны жайлы осыған дейінгі шығарылымдарымызда айтқан болатынбыз. Бүгін біз тағы педагогтың жұмысы, атқарып жатырған қызметі жайлы сөз қозғаймыз.

Похожие видео

Показать еще