ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗА

30.05.2014
Өлім жазасы кесілетін қылмыс саны көбейді. Енді соғыс заңдылықтары мен қағидаларын бұзу, қарулы қақтығыстарда халықаралық адам құқықтарын аяққа таптау және халықаралық лаңкестік баптарына іліккендерге осындай ауыр үкім шығарылатын болады. Бүгін бас прокуратура өкілдері қылмыстық кодекске өзгертулер енгізу туралы жобаны сенат депутаттарына таныстырды. Мұндай өзгертулер Женева конвенциясына сәйкес, халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында қылмыстық кодекстің жаңа жобасына енгізіліп отыр. 2003 жылдан бері президенттің бұйрығымен өлім жазасына тоқтау қойылған болатын. Кейінгі уақыттағы бірқатар жағдайларға байланысты бұл мәселе қайта көтерілді. Қылмыстық кодекстің жаңа жобасында президентке шабуыл жасағандар мен лаңкестік әрекетке қатысқандарға осындай ауыр жаза кесу қарастырылған. Сондай-ақ, педофильдік және жемқорлық қылмыстар үшін жазаны ауырлату ұсынылып отыр. Құжатты бірінші рет қарап мақұлдаған сенаторлар, қазақ тіліндегі нұсқасынан қателіктерді тізіп шықты.

Похожие видео

Показать еще