34 - сабақ. Тербелістерге есептер шығару. HD

15.01.2020
Материялық нүкте 1 мин- та 300 тербеліс жасайды. Тербелістердің периоды мен жиілігін табыңдар. Математикалық маятниктің ұзындығы 40 м. Осы маятниктің тербеліс периоды неге тең? Қатаңдығы 10 Н/м серіппеге ілінген массасы 0,1 кг жүктің тербеліс периоды қандай? Қатаңдығы 250 Н/м серіппеге ілінген жүк 16 с ішінде 20 етрбеліс жасайды.Жүктің массасы қандай. Тербеліс амплитудасы 10 см, ал жиілігі 0,5 Гц болса, онда қозғалыс теңдеуі x=x (t) деп жазылады? Материялық нүкте x=2sin(1/4 πt+1/2 π) заңы бойынша гармоникалық тербеліс жасайды, мұндағы x см-мен, t-c-пен берілген. Тербелістердің амплитудасын, бастапқы фазасын, периодын анықтаңдар. Гармоникалық тербелістердің амплитудасы 5 см, периоды 4 с. Тербелетін нүктенің максимал жылдамдығы мен максимал үдеуін табыңдар. Тербеліс периоды T1=1,0 с маятник қозғалмайтын лифте ілулі тұр. Сол маятниктің тербелістер T2= 1,1 с болса, лифт қандай үдеумен қозғалады? Лифт қай бағытта қозғалады? Серіппедегі жүк бір түзудің бойында A=2,0 см амплитудамен тербеледі. Тербеліс периоды T=2,0 с. Бастапқы мезетте жүк тепе-теңдік күйден өте бастады. t=0,25 с өткендегі жүктің жылдамдығы мен үдеуін табыңдар. Массасы 10 г материялық нүкте x=0,05sin(0,6t+0,8) заңы бойынша тербеледі. Нүктеге әрекет ететін максимал күшті және тербелістегі нүктенің толық энергиясын табыңдар.

Похожие видео

Показать еще