С.Мұқанов атындағы қазақ сазды - драма театры, "Қара шекпен" спектаклі HD

27.04.2020
Авторы: Г.Хугаев Режиссері: Баатырбек Шамбетов (Мәдениет қайраткері) Суретші: Садыр Ниязакунов Рөлдерде: Көкжал – Дулат Тәшкен, Нұржан Асылхан Қосүрей – Жанар Бегалина, Дария Әбілмажинова Бақташы – Дәурен Тойбазаров, Тұрақ Дұрысбеков Көкшулан – Жанар Бегалина, Гүлдана Асқарова Есек – Болат Мамытбеков Қортық – Айбол Қасым, Әділжан Кәрімов Тұзар – Асылхан Разиев, Думан Әдікенов Түлкі – Самал Тәшімова, Гүлназ Гайнуллина Қарға – Нұрбол Асқаров, Тұрақ Дұрысбеков Пьеса кейіпкерлері адамдарға ұқсайды. Адамдар сияқты сөйлейді, мінез-құлықтары да адамдардан аумай қалған. Жануарлар образы арқылы адамдарды көрсету, өмірдегі түрлі философиялық оқиғаларды көрсету – драматургтер қолданатын ежелгі танымал әдіс. Бұл шығармада бір ғана адам бар. Ол – бақташы. Тау жайылымынан түсіп келе жатқан ол, отарды жинап жүргенде шекпенін жоғалтып алады. Ал, иесіне адал төбет – Тұзар шекпенді тауып алып, қыс бойы ұйқысыз, тамақсыз жатып,сол киімді күзетумен болады. Адалдық иттің қанына біткен. Алайда, иесі оны бағалай ма? Тұзар болса, сүйіктісі Шыбармен бірге қасқырлардың арасында өмір сүрудің орнына, өмірінің соңғы күніне дейін иесіне адал болып өтуді таңдайды... Көрерменді терең ойға батыратын, зор мағыналы спектакль.

Похожие видео