"Ерке сылқым" күйі в быстром темпе. "Erke sylkym" kui HD
#димашкудайберген #dimash #ggg #music #алматы Ерке сылқым күйі - күйші Әбдімомын Желдібаевтың ел арасында кең танылған күйі. Тарихы Күйдің шығу тарихи жөнінде күйші Түркістан газетіне берген сұхбатында былай дейді: Біз де бүгінгі жастардай жігіт болғанбыз. Бойдақтық өмірді бастан кештік. Ауылдағы топ қыздардың арасынан жар таңдадық. Бұл күйдің кейіпкері өмірде бар. Қайтейін тағдыр бізді бір-бірімізге қоспады. Соңғы рет кездескенде мен: “Бәрібір менің саған деген махаббатымды ешкім де өшіре алмайды” – деген едім. Жас ұлғайып, шау тартты демесең ол ауылда аман-есен жүр. Көңіл шіркін қартаймайды екен. Сол махаббатым қыз кезінде қандай еді! “Толған айға” теңесем де, “ашылған гүлге” теңесем де сөзбен айтып жеткізе алмайтын секілді болып, сенделіп ұзақ жүрдім. Ақыры оны тек күйдің жүрек қылын шертетін әуенімен ғана жеткізуге болатынын сездім. Сол сезім жанымды жаулап алды. “Ерке сылқымның” әуенін тапқанша 20 жыл уақытым кетті. Қазақтың қыздары қандай әдемі. Жүрісі, тұрысы, қылықтары қандай! Еркеліктері де өздеріне жарасады. Бұл күй барша қазақ қыздары образдарының жиынтығы. Мен соларды жеткізуге тырыстым. Әрі жігіттік сөзімде тұрдым. Енді оны ешкім де өшіре алмайды. Егер махаббатыма деген сезімім жалған болса, қазақтың қыздарын өзгелерден артық көрмесем мұндай күй тумас та, елдің игілігіне айналмас та еді — Әбдімомын Желдібаев