Елбасын Сатып Кетті - Ешкім Күтпеген Шешім! HD

20.01.2022
Бәріңізге ассалаумағаликум. Заманына қарай адамы деген. Кезінде Тұңғыш Президентті жер-көкке сыйғызбай мақтағандар неге аяқасты өзгеріп жатыр? Назарбаевқа арнаған күйін өртеп жіберген, Тоқаевтың үндеуінен соң жаңа күй шығарған композитор жайлы естідіңіз бе? Қай ақын Елбасыға арнап поэма жазғаны үшін өкініп жүр? Назарбаев пен оның отбасын өмірбақи қорғайтын заң бар. Онда не жазылған? Мұны сізге білген дұрыс! Күйші Шәміл Әбілтаев Назарбаевқа арнап бұдан өзге «Елбасы» дейтін күй шығарған. Бірақ қазір сол күйді өртеп жіберген. Бұл туралы мәлім.кз порталының тілшілеріне күйшінің өзі айтыпты. Сол сұхбатқа қысқаша тоқталсақ. Тілші о кісіден былай сұрайды. «Елбасы» деген күйіңіз бар еді... Осы күйіңіздің тағдыры қалай болып жатыр? Комозитор айтады- Болды. Бірақ қазір мен оны өртеп жібердім. Тілші Неге? Деп сұрайды сонда. Шәміл Әбілтаев былай деп жауап берген. Назарбаев тақта тұрғанда кетем деп ойламады. Патша елмен бірге бола ма деген үміт болды, бізде. Мынадай жағдайдан кейін күйдің киесіне қалмайын деп өртеп жібердім. Тілші қайтадан Нотасын өртедіңіз ба? Дейді. Күйші- Нотасын, бәрін-бәрін. Тіпті ойымнан шығарып тастадым. Ондай күй жоқ қазір. Қазіргі уақытта шерлімін. Бәріміз шерліміз деп тіл қатыпты. Айтпақшы осы сұхбат барысында Әбілтаев - 7 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған үндеуі жігерлендіргенін, содан домбырасы сөйлеп кеткенін ақыры «Қаңтар қырғыны» деген күй туғанын жеткізіпті. Сонымен қатар Тоқаевты екінші Шыңғысхан деп мақтаған. Ал мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековті бәріңіз білесіз. Елбасының ең сенімді серігі болған. Тұңғыш Президентті мақтаудан алдына жан салмаған. Nege.kz тілшісі Ел «Елбасы қайда» деп шулап жүргенде дәл осы Мырзатай Жолдасбековке хабарласып пікірін білмек болған. Мынадай. – Сіз Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге болдыңыз. Қазір экс-президент қайда? Билікте жүргенде мақтадыңыз. Биліктен кеткеннен кейін неге іздемейсіз? Жолдасбеков сонда. Мені саясатқа көп қоса бермеші, айналайын депті. – Саясатқа кезінде араластыңыз ғой...деп тілші қайта сұрапты. – Давай, прекрати! Деп жауап беріпті ол. – Назарбаев туралы ештеңе айтпайсыз ба? – Ештеңе айтпаймын қазір. Ол туралы не айтасың қазір? – Көпшілік оны айыптап жатыр, сіз де айыптайсыз ба, әлде әлі де жақтайсыз ба? Кезінде Нұрсұлтан Назарбаевты пайғамбарға теңеген Мырзатай Жолдасбеков тілші сұрағын толық тыңдамастан телефон тұтқасын қоя салыпты. Несіпбек Айтұлы дейтін қазақтың ақыны бар. Ол кісі кезінде экс-президентке арнап «Бәйтерек» дейтін поэма жазған. Nege.kz тілшісі ақынға хабарласып осы туралы сұрапты. – Мақтадық, несі бар?! Онда Елбасын мақтаған жоқпын. Ол кезде Астана жөнінде жаздым. Деп жауап қатыпты Несіпбек Айтұлы. Әрі сол поэманы жазғанына өкінемін депті. Портал тілшісі бұрынғы депутат Қуаныш Сұлтановқа да хабарласып пікірін білмек болған. Алайда ол «ештеңе білмейтінін айтып» ат тонын ала қашыпты. Соңында телефонын сөндіріп тастаған. Мақтау-мадақтау, соңынан теріс бұрылу. Бұл жайлы журналист Серік Әбікенұлы былай де

Похожие видео

Показать еще