Ежелгі Египет (қысқа-нұсқа) HD
Ежелгі Египет КОНСПЕКТ!!! Египеттің ежелгі атауы — Қара жер. Негізгі табиғат байлығы — тас. Ніл өзенінің ұзындығы — 5589 км. Оңтүстіктен Солтүстікке ағады. Жерорта теңізіне құяды. Ніл өзенінің құдайы — Хапи. ‼️Фараондар‼️ Менес 1 — б.з.б. 3000 жылдары Египетті біріктірген патша. Ең алғашқы астана атауы—Мемфис (Ақ дуал). Тутмос 3 — б. з. б 1525-1491 жж басқарған. Ірі жаулаушылық жорықтар жасаған патша. Хетт патшалығын, Сирия, Нубия елдерін жаулап алды. Сирияға 17 рет жорық жасады. Б.з.б 1500 жылдар шамасында өз әскерімен Алдыңғы Азияға аттанды. Аменхотеп 4 — б.з.б 1368-1351 жж аралығында басқарған, ол өзін Эхнатон (Атонға ұнаған) деп атаған, Ахетатон қаласын салдырды. Ахетатон қаласының қазіргі атауы — Эль-Амарна. Рамзес 2 — б.з.б 14 ғ соңы-13 ғ ортасында билік еткен патша. Хеттерді талқандап, Палестина мен Сирияның оңтүстігін жаулап алған. Хеттерге Кадеш қаласының түбінде ойсырата соққы береді. Хатшепсут патшайым— Африканың шығысына жаулаушылық жорықтар жасаған. #египет #тарих #сорсочтарих #ент #ұбт #ежелгі
Похожие видео
Показать еще