ВУНДЕРКИНД БАЛА
Қызылорада есепке ерекше құштар вундеркинд бала тұрады. 5 жасар қала тұрғыны Ерхан Исламбектің математикаға ынтасы зор. Есте сақтау қабілеті де таң қалдырады. Миллионға дейінгі есептерді ойша шешіп, шемішкедей шағатын бес жасар баланың мүмкіндігін тілшіміз байқап қайтты. Ерхан күнделікті ағасы жасырған есептерді осылайша шешеді. Миллионға дейінгі сандарды бір-біріне қосып, айыру бүлдіршін үшін қиын емес.Есеп күрделі болған сайын қызығушылығым да арта түседі дейді. Ерханның мұндай қабілетін жақындары жете байқап, онша мән бере қоймаған. Бала бүгінде өз бетінше көбейту, бөлу амалдарын меңгеруде.