Сәкен Қалымов - Махаббат-мәңгі ертегі (БейнеМәтін) HD

18.10.2019
========================================== Сөзі Исраил Сапарбай Әні Бауыржан Тұрғараев ========================================== Махаббат деген қандай-ды, Қарасаң көзің талмайды. Сағынған жанға жете алмай, Қаншама гүлдер, қаншама гүлдер сарғайды... Ғашықсыз өмір – өмір ме, Егілме, жаным, егілме. Көктегі күнге қол созған, Не дерсің мынау, Не дерсің мынау көңілге? Күлерсің-дағы жыларсың, Жыларсың-дағы шыдарсың. Жазылмас дерттің дауасын Жаным-ау, кімнен, Жаным-ау кімнен сұрарсың? Махаббат – өмір ғажабы, Алқызыл гүлдей ажары. Сүйемін деген жалғыз сөз Жүректі тербеп, жаныңды емдеп жазады. Ғашықсыз өмір – өмір ме, Егілме, жаным, егілме. Көктегі күнге қол созған, Не дерсің мынау, Не дерсің мынау көңілге? Күлерсің-дағы жыларсың, Жыларсың-дағы шыдарсың. Жазылмас дерттің дауасын Жаным-ау, кімнен, Жаным-ау кімнен сұрарсың? Махаббат – мәңгі ертегі, Көңілдің күйін шертеді. Ертіп бір жүрсең, шіркін-ай, Еліктей сұлу, еліктей сұлу еркені. Ғашықсыз өмір – өмір ме, Егілме, жаным, егілме. Көктегі күнге қол созған, Не дерсің мынау, Не дерсің мынау көңілге? Күлерсің-дағы жыларсың, Жыларсың-дағы шыдарсың. Жазылмас дерттің дауасын Жаным-ау, кімнен, Жаным-ау кімнен сұрарсың? ==========================================

Похожие видео

Показать еще