"Кюнет" компаниясы қызметкерлерінің арбауына түсіп, ақшадан қағылдық дегендер көбейіп кетті

11.01.2016
Петропавлда атышулы "Кюнет" компаниясы қызметкерлерінің арбауына түсіп, ақшадан қағылдық дегендер көбейіп кетті. "Әлемнің қалаған жеріне барып, демалып қайтуға мүмкіндік аласың, тек қаржы құйып, карта сатып алсаң болғаны" деп айтқандарына сеніп, қолымыздағы бар қаржымызды беріп, миллиондап несие алып, ақыры құр қол қалдық,- дейді шағымданушылар. Айтуларынша, құқыққорғау органдарына да бір емес, бірнеше рет шағым жазған. Алайда, еш нәтиже шықпапты.

Похожие видео