Шаруа мен аю ертегісі. Көркем әдебиет.Мад видео сабактар. Сказка дедушка и медведь. Казакские сказки HD

22.07.2021
Шаруа мен аю (Орыс халық ертегісі) Шаруа шалқан екпекші болып, орманға келіп жер жыртып жүрсе, оған аю жолыға кетеді. Ей, шаруа, мен сені құртамын!- дейді аю. Мені құрта көрмеші, аюжан, онан да бірігіп шалқан егейік. Шыққан егіннің сабағын түгелдей сен ал, маған түбірін берсең де болады,- дейді шаруа. Жарайды, келістік. Бірақ осыдан алдап кететін болсаң, сені орманның маңына жолатпаймын,-деп ескертеді де, аю орманға кіріп жоқ болады. Шалқан кереметтей ірі болып өседі. Күз түсе шаруа шалқанды қазуға барады. Мұны сезген аю орманнан шыға келіп: Кәне, шалқанды бөліске салайық, менің үлесімді бер,- дейді. Шаруа қарсылық көрсетпей: «Мақұл, аюжан, бөлсек бөлейік, сабағын сен ал, маған түбірі де болады»,-дейді. Сөйтіп шаруа жапырақ, сабақтарының бәрін аюға жинап беріп, өзі тиесілі шалқандарды арбаға тиеп, қалаға сатуға алып келе жатады. Осы кезде аю жолығып: Қайда кетіп барасың?- деп сұрайды шаруадан. Түбірлерімді сатайын деп қалаға кетіп барамын,- дейді ол. Кәне, түбірдің дәмін татып көрейінші,- дейді аю. Шаруа шалқан ұсынады. Аю оны апыл-ғұпыл жеп алып: А-а! Сен мені алдап соққан екенсің! Түбірдің тәтті екенін айтпадың, енді отын аламын деп орманға жолаушы болма! Маңыма келсең, жарып тастаймын!- деп салады-ай кеп айқайды. Келесі жылы шаруа дәл сол жерге бидай егеді. Бидай піскен кезде шаруа оруға келсе, дер сәтін күткен аю оны тосып отыр екен. Ә-ә... енді алдауыңа көне қоймаспын, кәнеки, менің үлесімді бер,- дейді аю. Дегенің-ақ болсын, аюжан, түбірін сен ал, маған сабағы да жетеді, дейді шаруа. Сөйтіп олар бидайды түгел жинап болады. Шаруа түбірдің бәрін аюға беріп, өзі бидай сабақтарын арбаға тиеп алып, үйіне қайтады. Аю ары әуреленіп, бері әуреленіп түбірден еш нәрсе шығара алмай, шаруаға қатты ыза болды. Міне, содан бері шаруа мен аю араз болып кеткен екен деседі. #сказка #ертегілер #обучение #ертегі #ручнаяработавенера #уральск #мектепалдыдаярлық #дошкольныеобучение #шалменаю #дедушкаимедведь #шаруаменаю#Казакскиесказки#шаруаменаюертегісі#дошкольноеобразование#ертеги дошкольные обучение,ертегі,ертегілер,мад видео сабактар,сказка,шаруа мен аю,шаруа мен аю ертегі,шаруа мен аю ертегісі,дошкольное образование,казахские сказки,руские сказки,русские сказки,русский сказки,сказка на ночь,сказки для детей,сказки для детей на ночь,сказки на ночь,сказки на ночь для детей,сказки русские,қазақша ертегі,шалкан бидай,сказки на ночь слушать,сказки,шаруа мен аю егін егеді,шаруа аю арба бидай шалқан,сказка по казахский

Похожие видео

Показать еще