"Алғашқылар дәуірі" қазақ тіліндегі трейлер, "Время первых" HD

31.03.2017
«Басыңды көтер!» BAZELEVS және ТРЕТИЙ РИМ студиясы осы көктемде «Алғашқылар дәуірі» атты 3D форматында түсірілген, ғарыш жайындағы ресейлік алғашқы ауқымды фильмін ұсынады. Сонымен қатар қазақстандық көрермендерге арнайы қазақ тіліне дубляждалған нұсқасы күтілуде. «Алғашқылар дәуірі» - адамзаттың тұнғыш рет ғарыш сапарына аттанған басты рөлдердегі Евгений Миронов (Алексей Леонов) пен Константин Хабенский (Павел Беляев) жайлы блокбастер. Тимур Бекмамбетов және Евгений Мироновтың продюссерлік жобасы – фильм – апат «АЛҒАШҚЫЛАР ДӘУІРІ» үкен экрандарға 3D/2D форматтарында 2017 – ші жолдың 6-шы сәуірінде шығады. Қазақ дубляжының режиссері Айжан Жамшитова. Басты рөлдегі кейіпкерлерге өз дауыстарын Азамат Қанапия (Алексей Леонов), Ғани Қожанов (Константин Хабенский) және Бахытжан Нүрпейісов (Сергей Королев) сыйлады. 6-шы сәуірден бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көріңіздер! Жобаны ұйымдастырушы: «Болашақ» Корпоративтік қоры «Marwin» компаниясының қолдауымен!

Похожие видео