КАК ДИРЕКТОР ШКОЛЫ ПРИМЕНИЛ РЕКЭТИРОВ ПРОТИВ УЧИТЕЛЯ В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗА СЛОВА ПРАВДЫ! HD

25.01.2022
Құрметті фб достарым, әріптестерім, оқырмандарым. Журналист Амангельды Батырбековтің өмірін 5млн теңгеге бағалаған шенеунік туралы есіттім. Ол рас.Мен де өз басымнан өткен оқиғаны жазғым келді. Мен 2019 жылы Түркістан облысы,Сарыағаш ауданындағы 17 Ы.Алтынсарин мектебінде математика,физика пәндерінен сабақ беріп, ұстаздық қызмет етіп жүргенмін. Бала кезден осы мектепте оқып,тәрбие алдым. Өзім оқыған мектепке жаным ашып директорымыз Халида Кабулованың жасаған заңсыз әрекеттерін "Евразия" телеарнасына айттым. Бейнежазбаны көрулеріңізді сұраймын: Осы шындығымды айтқаным үшін мектеп директоры Х.Кабулова мен Сарыағаш ААӘДБ-НІҢ басшысы Б. Майриховтар тарапынан жалданған "рэкеттерден" қысым көрдім. Менің қан қысымым көтеріліп, қатты ауырып, ес-түссіз жатқаныма қарамай, мектеп директоры Х. Кабулова, оның орынбасры әрі жездесі У. Панов және жалданған екі "рекэт" төртеуі мені машиналарына салып басшы Б. Майриховтің алдына мәжбүрлеп апарды. Сол жерде жедел жәрдем көмегіне жүгінуге өтініш жасағаныма қарамай, менің денсаулығымның күрт нашарлағанын ескермей, маған бір қағаздарға қол қойдырды, бір нәрселерді жаздырды. Не жазғанымды білмеймін, тек су сұрап ішкенім есімде. Маған және жанұяма қатер болатынын ескертті. Айтқандарын орындатқаннан кейін ауруханаға жібермей, анамның үйіне алып келіп тастады. Анамның үйінде ес-түссіз жатқанымды көрген бауырым, жедел жәрдем көмегіне жүгініпті. Дәрігерлердің көмегімен есімді жинадым. Сол күннен бастап Алматыға кетіп, ауруханада емделіп, осы уақытқа дейін Алматыда ем қабылдап жүрмін. "Гипертоническая болезнь" диагнозымен Д-тіркеуге алынып, тұрақты ем қабылдаудамын. Мен мектеп директоры атына өтініш жазып Алматыға кеткенде, олар өтінішімді жоғалтып, "Евразия" телеканалына жалған ақпарат берді. Жалған ақпаратты Сарыағаш ААӘДБ-НІҢ бөлімінің бас маманы С. Молдақожаев айтып шықты. Бұл бейнежазбаны да толығымен көрулеріңізді сұраймын: Жалған ақпаратты есітіп, шыдап тұра алмадым. Өзімнің шындығымды айтып, мен де "Евразия" телеканалына хабарластым. Бұл бейнежазбаны да толығымен көруді сұраймын: Соттар да сол шенеуніктің сөзін сөйлеп шыға келді. Менің дәлелдеріме қараған да жоқ. Тіпті назар аударып, әділ тергеп тексерулер де жасамады. Осы уақытқа дейін екі жылдан бері міне үшінші жыл Президентімізге, сотқа, прокуратураға, ішкі істер министріне, білім және ғылым министріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бірнеше рет арыздар жаздым, үндеулер жасадым. Алайда осы уақытқа дейін назар аударатын ешкім табылар емес. Барлық құзырлы органдар "отписка" хаттар жазудан ары аса алар емес. Бакытжан Бейсенбаев

Похожие видео

Показать еще