Даулет Жакипбаев- выпуск 14 HD
Жүрек-қан тамырлар жүйесіндегі ақаулар күрделі ауруларды тудырады. Алайда туа біткен жүрек аурулары болса, соның ішінде балаларда бұл мәселені қалай шешуге болады?! Ондай кезде көмекке кардиохирургтар келеді. Бала жүрегіндегі сыр неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым ертерек операция жасалып, қалыпты өмір сүруіне жағдай жасауға болады. Қазақстанда сәбилердің жүрегіне операция жасайтын мамандар көп емес. Олардың бірі – Дәулет Жақыпбаев. «Армандастар» жобасының бүгінгі кейіпкері президенттік «Болашақ» білім беру бағдарламасының түлегі. Ата-анасы дәрігер болғандықтан, жастайынан аурухана жұмысы мен науқастарды емдеу әдістерін көріп өскен жігіт болашақ мамандығын тек адам емдеумен байланыстырған. «Операцияның әртүрлі түрін жасаған кезде де бірінші рет жасап тұрғандай боласың. Жасап болғаннан кейін де қобалжу болады, «қалай өтті?» «қандай нәтиже болады?» деген. Әрине адам болған соң қорқыныш болады. Бірақ оның барлығын артқа тастап, өз жұмысыңды, өз ісіңді істейісің», - дейді Дәулет. Бала түгіл ересек адамның өз денсаулығын, тіпті өмірін сеніп тапсырғанда оның алдындағы жауапкершілікті сезіну қиынның-қиыны. Кішкентай ғана жүрекке операция жасау терең білім, табандылық, қажыр-қайрат пен қайсарлықты қажет етеді. Сол себепті ақ халатты абзал жандардың иығына өте ауыр жүк түседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының пайымынша жүрек-қан ауруыларынан көз жұмуды азайту дәрі-дәрмек терапиясы мен хирургиялық әрекет нәтижесінде жеткізіледі. Онымен қоса салауатты өмір салты арқылы аурудың алдын алуға болады. Бұны дәрігерлер жиі еске салады. Ол – дұрыс тамақтану, гипертония ауруларын бақылау, физикалық жаттығулар жасау және шылым шегу әдетінен айығу. #Armandastar #fpp_kz #Армандастар #БалаДәрігері #кардиохирург #ҚазақстандықМедицина #ПрезидентҚоры
Похожие видео
Показать еще