"Балам террорист емес!" Оққа ұшқан жігіттің ата-анасы полиция уәжімен келіспейді HD

19.01.2022
Ақтөбедегі наразылық кезінде оқ тиіп қайтыс болған Русланбек Жұбаназаровтың сүйегін туыстары 7 қаңтардан бері мәйітханадан ала алмай жүр. Мәйітхана қызметкерлері Жұбаназаровтың жақындарына полиция жолдаған хатты көрсеткен. Онда "мәйіт сараптамадан соң тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Танкиевке берілсін" деп жазылған. Яғни, полиция Жұбаназаровты тұрғылықты мекені мен туысы жоқ адамдар қойылатын траншеяға көму туралы шешім қабылдаған. Мұның себебін сұрап барған ата-анасына "Балаңыз – террорист. Сондықтан оның сүйегі берілмейді" деп жауап берген. Азаттық тілшісі марқұм болған баласының сүйегін ала алмай жүрген қаралы отбасымен тілдесіп қайтты. https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-aktobe-ruslanbek-zhubanazarov-who-died-during-the-protests/31660811.html Originally published at - https://www.azattyq.org/a/31661297.html

Похожие видео