Қаржылық пирамидадан алданған жәбірленушілер емес, енді күдіктілер де шағымдана бастады HD
Түркістан облысының оңтүстік аймақтарында белең алған қаржылық пирамида ісімен жәбірленушілер ғана емес, күдіктілер де шағымдана бастады. Шардаралық отыз бір жастағы бес баланың анасын қамауға алған тергеуге туыстары наразылық білдіруде. Тергеу мен сот кінәсін анықтай жатар деген ет жақындары, кәмелетке толмаған балалары ескерілмеді. Қамауға алып, кепілге босатпағаны ауыр болды дейді. Осыдан жарты жылдай бұрын оңтүстікте қаржылық пирамида ісімен алданған тұрғындар шулағаны белгілі. Артынша-ақ ұйымдастырушылар ұсталып, қамала бастаған. Осы істің бір ұшы шардаралық отыз бір жастағы бес баланың анасына да тиген. Тергеу күдік келтіріп, қамауға алған. Кепілге шығаруға мүлік ұсындық, алайда тергеу мен сот назарға алмады деп налиды жақындары. ГҮЛӘЙ АСЫЛБЕКОВА, Шардара қаласының тұрғыны: – Оған дейін ең болмаса, бес баласы барын ескеріп, менің инвалид баламның баласын да осы асырап отыр, келінім. Залогқа шығарып болса да, үйге шығарса болар еді ғой. Қазір күдікке ілінген әйелдің тергеудегі қамау мерзімі алтыншы айға ұзартылыпты. Оның ері бес балаға қарауға қиналмайтынын айтады. Тіпті тергеудің таққан айыптарына да үндемей-ақ отырмыз. Бірақ үй қамаққа алынса, қашып кетпесі белгілі еді ғой дейді. БАУЫРЖАН ТӨРЕБЕКОВ, Шардара қаласының тұрғыны: – Жалпы мен де солай ойлаймын. Жалпы адами тұрғыда. Аналық құқынан айырып, бес баласын тастатып қамап тастағаны дұрыс емес шығар. Террорист емес. Болмаса, адам өлтірген жоқ. Тергеу органдары аталмыш істің резонанс тудырғанын алға тартады. Жәбірленуші тарап та бірнеше мәрте шу көтерген. Алданғандарын айтқан. Ал күдікке ілінген азаматтарға тергеу заң шеңберінде амал жасады деген пікірде. САМАТ БЕЙСЕНБАЕВ, Түркістан облысы Полиция департаменті тергеу басқармасының аға тергеушісі: – Аталған іс бойынша он төрт тұлға күдікті деп танылып, оларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған. Алайда күдікті тұлғалар ішінде Шардара ауданының тұрғыны күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына келіспейтіні туралы талап-тілек келтіріліп, сот алқасымен күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Алайда тергеудің объективті қарадық дегенімен қамаудағы әйелдің туыстары келісе алмайды. Соттың барлық сатысын күдікті тарап естімей жатамыз. Қорғаушыға да кеш хабар жетуде. Ал есесіне жәбірленуші тараптың сол сотта ерте бастан жүретіні бізді таңқалдырады деп отыр. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар