«Гарант 24» қаржы пирамидасына бар ақшасын құйып, сан соғып қалған азаматтар шу көтерді HD

09.09.2022
«Гарант 24» қаржы пирамидасына қомақты қаржысын құйып, алданып қалған бір топ азамат бүгін Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотының алдына жиналды. Айтуларынша, маусым айынан бері жүріп жатқан сотқа оларды бірде-бір рет жәбірленуші ретінде шақырып, сұрау алмаған. Оның үстіне бізді алдап соғып, ұшты-күйлі жоқ болған кассир мен менеджерлер жауапқа тартылмай, тайраңдап жүр деп ашулы. Сондықтан олар соттың әділ өтуін талап етіп отыр. Бір ғана Шымкенттің өзінде қаржы пирамидасының арбауына түсіп қалған 11 жарым мың адам бар екен. Солардың 270-нің арызы негізінде қылмыстық іс қозғалып, қазір соттың қарауына өткен. Жарнамасы менмұндалап тұрғанға имандай сенген халық, үш жылдан бері бергенін ала алмай табанынан тозып жүр. АЙДАР ТҮЙМЕБАЕВ, Жәбірленуші – Мен жалпы 3 миллион 200 мың теңге салғам. Жарнамалау плакаттарын іле бастайды. Халық бұған сенеді. Сөйтеді де халық пәтерін, ескі машинасын және банктерден қарыз алып, жұмыс істетуге және өзінің жағдайын туралауға бұларға сенеді дағы барып тапсырады ақшаның бәрін. Алаяқтарға алданған халық миллиондарымызды қолды еткендер бостандықта тайраңдап жүр деп налиды. Ал қазір қылмыстық іс бойынша тек 4 инкассатор жауапқа тартылып жатқанын айтады. Сондықтан кінәлілерді сотқа алдырмайынша, "ақшамызды қайтара алмаймыз" деп қорқады жұрт. САРАКҮЛ ДОСМАЙЫЛОВА, Жәбірленуші: – Ұлттық банк немқұрайлы қарап отырады, прямо мына құлағы есітпейтін сияқты. АФМ қайда қарады? КФМ қайда қарады? Бұл кісілердің бәріне не үшін керемет здания беріп, айлық төлеп не үшін отырғызып қойды? Бүкіл 14 қаладан ешқандай сетевик, кассирлер, менеджерлер күдікті боп танылмады. Ақша қайда? Инкассаторлар айтады, ақшаны алдық, біреуге бердік дейді, болды сонымен. Бір қызығы, сот алдына жиналған жұрттың біразы жәбірленуші ретінде тізімде жоқтығын айтады. Сондықтан олар сот отырысына қатыса алмай жүр екен. Ал сот өкілдері болса, қылмыстық істің негізгісі Ақтөбе қаласында қаралып жатқанымен түсіндірді. Сондағы 17 мың жәбірленушінің қатарында болуы мүмкін. Ал мұндағы 270 адамның арызы бойынша қозғалған бөлек істе 4 адам жауапқа тартылып жатыр деген судья, іске қатысты өзге ақпаратты ашық айта алмайтынын жеткізді. СӘБИТ ТӨРЕХАНОВ, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы: – Әл-Фараби аудандық сотына мынаны дұрыс қарамады деп талап етіп отырған жәбірленушілер оның ішінде тек қана бір жәбірленуші бар. Оны сот шақырды, жауабын алды. Ал басқа адамдардың менің ісіме ешқандай қатысы жоқ. Қалай болғанда да қолындағысынан қағылған халық істің ашық, әрі әділ өтуін талап етуде. Бастысы, алаяқтар алғанын қайтарсын деп отыр. Ал жәбірленуші ретінде танылмай қалып кеткен жұрт енді өздерін қай соттың тізімінен іздерін білмей дал. Мақсат Жақсыбайұлы Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбю

Похожие видео

Показать еще