Халық ашулы! Бюджеттен жарты миллиард бөлінген жоба неге жауапсыз атқарылып жатыр? HD

15.06.2022
Павлодар облысында халықты орталықтандырылған ауыз суға қосамыз деген әкімдік, су құбырының құрылысын сапасыз жүргізіп жатыр. Осылай деген Ақши ауылының тұрғындары арнамызға шағымданды. Айтуларынша, ауылдарында жерді қазсаңыз 1,5 метрден су шығады. Ал мердігерлер соған қарамастан су құбырын өткізіп жатыр. Аязды күні суға салынған пластик құбырлар жарылып, тіршілігіміз тұралап қала ма деген жұрт құрылысты тоқтатуды талап етті. Әкімдіктегілер ауылдарына 10 жыл бұрын салынған жаңа Мәдениет үйінің де осы жер астынан шыққан судың кесірен құлайын деп тұрғанын ескерсе дейді. Ақши ауылында 55 түтін бар. Осы елдімекенге орталықтандырылған су құбырын тарту үшін бюджеттен 551 миллион теңге бөлінген. Бірақ құрылыс жұмыстары айқай-шумен басталды. Ауылдың жері жұмсақ, 1,5 метр қазған соң су шыға бастайды екен. Соған қарамастан, мердігерлер жер асты суын құрғатпай құбырды лай батпаққа салып жатыр дейді түрғындар. ДАНИЯР АХМЕДИН, Ақши ауылының тұрғыны: – Погрузщикпен ашады. Шлангты лақтырады. Батпаған жерін эксковатормен батырады да, жауып кете береді. Майысып жатқан шлангтар бар. Тұрғындар шылқыған суға салынған пластик құбырлар аязды күндері жарылып кете ме деп қауіптенеді. Елдің бұлай алаңдауына да негіз бар. Осыдан 10 жыл бұрын Ақши ауылына су жаңа "Мәдениет үйі" салынған болатын. Бірақ жер астынан шыққан су ғимараттың іргетасын үгітіп, жарамсыз күйге түсірген. Қабырғалары қарс айрылған нысан қазір құлауға шақ тұр. Сондықтан, екінші рет сан соғып қалғымыз келмейді дейді ауылдықтар. ДАНИЯР АХМЕДИН, Ақши ауылының тұрғыны: – Мәдениет үйінің сиқы мынау. Бұны салған кезде де біз айтқанбыз, фунтаментті терең орнатпаңдар деп. Нәтижесі міне. Өздеріңіз көріп тұрсыздар. Түк пайдаға аспайды. Мердігер фирма өкілдері жер астынан шыққан суды құрғату жобада қарастырылмаған дейді. Ал әкімдік өкілдері құбыр жүргізуге тапсырыс бергенімізбен, мердігердің ісіне араласпаймыз деп отыр. Басталған жобаны қайта өзгерту үшін қомақты қаржы керектігін алға тартып, құрылыс қазіргі күйінде жалғасатынын меңзеді. РУСЛАН МҰҚАШЕВ, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары: – Енді халықтың сұрауы водоотведение дейді. Ол жерде су жақын. Ол істелінген сметаға ПСД корректировка жасау үшін тағы да қомақты қаражат керек екендігін түсіндіріп айтты. Тұрғындардың айтуынша, Баянауыл ауданында 7 ауылға су құбыры тартылып, оның бірнешеуі мердігердің салақтығынан әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Сондықтан, бұған дейінгі «дастан» қайталанбас үшін Ақши ауылы тұрғындары құрылысты бақылайтын белсенді топ құрды. Зұлқарнай Ермұратұлы, Арман Якубов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар

Похожие видео