Базарға барып азық-түлік сатып алған депутат, бағаны көріп шошып келді HD

10.06.2021
Азық-түлік қымбаттап кетті деп халықтың шырылдап жүргеніне алты айдан асса да, Үкіметтегілер бағаны әлі бір ретке келтіре алмай отыр. Өйткені, бағаға жауаптылар тиісті жұмыстарды орындамаған. Сауда министрі Бақыт Сұлтанов бүгін ауылшаруашылығы министрлігіндегі әріптестерінің 9 түрлі шараны атқармағанын айтты. Өздерінің де жарытып жұмыс істегені шамалы екен. Әкімдер тіпті мүмкіндікті құр жіберіп, бағаны аспандатып алды дейді. Ал, тілшіміз Айбар Төлжанұлымен қара базарға барып азық-түлік сатып алған депутат Ерлан Саиров бағаларды көріп, шошып келді. Депутат Ерлан Саиров еттен өзгені ел ішінде Артем атанып кеткен елордадағы базардан алады екен. Айлығы 600 мың теңгеден асатын мәжілісмен отбасымдағы 5 адамның ішіп-жеміне айына 200 мың теңгеден кем кетпейді дейді. 960 теңгеге сауда жасаған депутат қазір сиырдың етінен қойдың еті қымбат екенін білмейді екен. Ал, сұйық майдың ең арзаны 800 теңге екен. Базарға зат көтерісу үшін ғана келемін деген депутат бүгін ғана қай заттың қанша тұратынын білді. Үкіметтің жұмысына көңілі толмайтын ол әкімдер ең қажетті тауарларды тек қиын-қыстау кезде ғана емес үнемі бақылауында ұстауы керек дейді. ЕРЛАН САИРОВ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Картоптың бағасы 450, сәбіздің бағасы 400-ден асқан. Ал сарымсақ 150-ден асып отыр. Енді мына продуктовый набордың өзі 960 теңге бір килограммнан алған кезде. Қара базардағы баға әрине халық үшін қымбат! Ал, депутат Елнұр Бейсенбаев дәл қазіргі үкімет мүшелері қанша тырысса да жұмыстарының нақты жүйесін құрып алмай, бағаны арзандата алмайды дейді. ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Нақты сапалы, жүйелі, заманауи қоймалардың жоқтығы. Үкімет неге сомен айналыспайды? Бағаны реттеу тек қана бір кабинетте немесе тағысын тағы емес біріншіден халықпен бірге базарға бару қажет. Көру қаже! Бақыт Сұлтанов мырза айтқандай 10 миллиардтан 50 миллиардқа тұрақтандыру мәселесі көтеріліп жатыр. Бұл - мәселені уақытша ғана шешу! Аграрлы елміз деп мақтансақ та жыл сайын көктем мен жазда кейбір көкөніс пен жемісті шетелден сатып аламыз. Қазір Иран мен Пәкістаннан өзіміздің картоптан үш есе қымбат 28 мың тонна картоп сатып алдық. Ал сәбіз үшін Өзбекстанға телміруге тура келеді. Басқа тауарларға да осылай шығындалып жатырмыз. Өйткені, тұрақтандыру қорларында халыққа қажетті деген азық-түліктің қоры жоқ. Бақыт Сұлтанов "әкімдіктегілерге қанша мүмкіндік берілсе де ештеңе бітіре алмады" дейді. БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР Сауда және интеграция министрі: – Әкімдіктер барлық қажетті тетіктер болса да халықты қамтамасыз ету үшін ішікі нарықтағы картопты ұстай алмады. Атап айтқанда субсидиялау кезінде өндірушілерге қарсы міндеттемелер қойылмаған. Өңірлік тұрақтандыру қорларына картоп жеткілікті көлемде сатып алынбады 4135 Министрдің сөзінше қазір әр өңірдегі қорларда толып тұрған азық-түлік жоқ. Сондықтан алдағы уақытта тапшылық болуы әбден мүмкін. Шенеуніктер осылай мәселені шеше алмай жүргенде Нұр-Сұлтанның кей жерінде сәбіздің келісі 550 теңгеге жетті. Қымбатшылыққа ақыры мемлек

Похожие видео

Показать еще