Сұмдық! Тілеуханов аямай боқтады/Зайытов масқара болды! HD

25.08.2022
Бәріңізге ассалаумағалейкум Чертсың ба, терпиласың ба? Деп Ринатқа ашына тіл қатқан Тілеуханов туралы не дейміз? Сұхбат барысында Нартайдың шамына тиетіндей қанлай сөздер айтты? Көрген дұрыс ұжымы бұл үштікке қандай анализ жасады? Кімдікі дұрыс немесе бұрыс? Бұл туралы өте өзекті әрі қажетті ақпараттарды сізге Көрген дұрвс! Біріңді қазақ, бірің дос-көрмесең істің бәрі бос деген хәкім Абайдың кесектей сөзі, санамызға кестеленбеген бе, қалай? Ырылдасып, біріміздің етімізді-біріміз жеп, 38-жыл келсе атқызып, сатқызып, түрмеге жапқызып тастайтындай пұшайман хәлден әлі де арыла алмай келеміз. Бүгінгі айтпағымыз Бекболат Тілеуханов пен Нартай Аралбайұлы арасындағы ара кідік сөзге келіспеушілікпен, сондай-ақ Бекеңнің Ринат Зайтовқа айтқан ауыр сөздері төңірегінде өрбімек. Манағы Абайдың асыл сөзін дәл осы кісілерге бағыштағымыз келіп отыр. Журналист Нартай Аралбайұлының экс-депутат Бекболат Тілеухановпен жүргізген 2 сағаттық сұхбатын бастан аяқ көріп шықтық. Өкінішке орай Іліп аларлықтай парасатты, пайымды, тұщымды әңгімелер айтылған жоқ. Жөнсіз сұрақ, жүгенсіз жауап. Бекболат Тілеуханов өзінің тілге машықтығының арқасында Нартай қойған қақпанды сұрақтарына қадалмай зу-зу етті. Не керек? Бекең Түркияда ем алып жатқанын, саясаттан бір жолата бас тартып, шығармашылықпен ғана бас қатыратынын ашып айтты. Бірақ, Нартайдың төтесінен қойған сұрақтарына тосылып қалған кездері де аз болған жоқ. Оның Қайрат Сатыбалдымен байланысы, Қаңтар оқиғасы туралы, Билік пен халықтың арасындағы мәселелер, Қазақстандағы саяси жағдай туралы әңгімелер орын алған тұста Бекеңнің жеке басқа өтіп, Нартайды кемсіту жағдайлары да аз болған жоқ. Бұны мынау бейнекадрлардан байқай аласыздар: Әрине, Нартай бұл кадрларды қысқартам десе өзінің қолында тұр еді. Жоқ, қысқартқан жоқ. Ақпаратты барынша анық, айқын жеткізуге тырысты. Ол, Нартайдың білім дәрежесін қатты сынап, көпшіліктің алдында кемсітем деп ойлады ма, кім білсін?! Осылай Шах жүрген журналистке, Мат қоямын деген де ойда болды ма екен жырауымыз?! Бекболат ағамыздың тағы да бір сөзден тайқыған тұсы мынау болды: ол кісі өзінің бір сөзінде «Отан партиясын, Нұр Отан деп ауыстырайық деген тұста қарсы шыққан "мен" болатынмын, Назарбаевтың өзіне тіке айттым, ол ренжіген сыңай танытты» деп өрбіте келіп, артынан «Назарбаевқа бір қаланың атын бермеуге не деуге болады, айналайындар-ау кезінде Целиноград деген атауға да көндіктік қой» деп екі сөзді болғаны да көпшілікке күлкілі көрінді. Тілеухановтың сұхбатын тамашалай отырып, ол кісінің бойынан менмендіктің біраз қырын да байқап қалдық. Мысалы, ағамыз өзінің бір сөзінде: (Видео кадр кетеді) Сондай-ақ, тағы бір мәрте сөз барысында: (Видеокадр кетеді) Қысқасы, бұл сұхбаттан алар мәнді де дәмді, мағыналы да мардымды ештеңе бола қойған жоқ. Ақталу, айыптау, менменсіну, ырылдасудан артыққа бара алмағанына іштей қарным ашты. Құрыдан құры алтын уақыттарыңызды сарп қылып, жүйкелереңізді жұқартудан басқа ештеңе таба алмайсыздар деген ойдамын бұл сұхбаттан. Осы апта Бекболат ағамыздың апталығы болды десек қателеспейміз. Бекеңнің, айтыскер ақын інісіне де айбат шеккенін көпшілік көрді. Көрді де түңілді. Даудың басы, Дайрабайдың көк сиыры демекші, бұл қисынсыз қырқыстың басы, Ринаттың мынау бір пікірінен туындаған болатын: (Кадр кетеді) Бекболат Тілеуханов бұл пікірге бұлқан-талқан болып, лек-легімен видеүндеу жолдады. Ринатқа біраз қисынды-қисынсыз сөздерін қарша боратты: "Пәле-жаладан сақтасын", - дейді да, пәле жабады маған... Дұрыс айтасың. Сен мойындап отырсың. Мені айдақтап жатыр деп. Мені де айдақтаған. Бірақ, мен ешқандай айдақтағанға көнген жоқпын. Неге бөліп жатыр деп мен сенен сұрайын? Маған тиіскен сен. Айтыста да тиіскен сен. Басқа жерлерде де тиіскен сен. Анау класстас бауырдың айтқаны бар ғой... "Аға, сіз көңіліңізге алмаңыз енді... Ішіп алып, шегіп алып... Ринат айта береді" дегеннен кейін бір жағынан кешіргім келіп жүр. Ал шын ниетінде саясаткер боламын деген ойда болып жатсаң, бұл дұрыс нәрсе емес. Осының жетегінде жүрміз, оны өз басым мойындаймын деп отсың. Қалай десе де "жапалақты таспен ұрсаң да жапалақ өледі, тасты жапалақпен ұрсаң да жапалақ өледі". Осыдан зиян шегетін тек қана қазақ. Саясаткер боламын дегенде, сен "Заңдарды жаттаймын" деп айттың ғой. Адам Заң жаттап "саясаткер" болмайды. Адам тарихи заңдылықтарды меңгеріп саясаткер болады. Бірнәрсені біледі. Ахмет, Міржақып, Әлихандарды қасында жүрген қазақтар сатты. Бірақ сол оқ кейін өздеріне тиді. Сендер маған жабысыңдар. Менің көзімді құртуға тырыссаңдар, артықшылығым сол. Тарихтың заңдылығы солай. Тарих қайталанып отырады. Ол мәселеден байқаңдар. Енді мынадай сөз айттыңдар! Ағалап тұрсың! Мойындаймын деп тұрсың! Қазақ қазаққа деп жанын ашығанда жүрегін аузыннан шығып кетейін деп тұр. Ал істелген шаруа мынау. Екіжүзділік пе?

Похожие видео

Показать еще