СҰМДЫҚ! АбУНАСЫР СЕРИКОВ ҚАТТЫ БОҚТАДЫ/ҚАЗАҚСТАНҒА АШАРШЫЛЫҚ КЕЛДІ! HD
Бәріңізге Ассалаумағалейкум Қытай Қазақстанға қоқан лоқы көрсетіп жатқаны рас па? Абунасыр Серіков билікті не үшін боқтады? Көш соңынан қалып қалған Ауғанстан, Қырғызстан сияқты елдерден қарыз алған Қазақстан туралы не дейміз? Нан мен көмірдің ақысын кімнен сұраймыз? Бұл сұрақтардың жауабын сізге Көрген дұрыс! Қазақстанның сыртқы қарызы биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 166,7 млрд доллар болды. Ұлттық Банктің деректері бойынша биыл өткен жылмен салыстырғанда елдің сыртқы борышы 6,9 млрд долларға артық. Масқара! Қарыздың ең көп көлемі Нидерланд еліне тиесілі ˗ 44,7 млрд доллар. Бір жыл ішінде мемлекет бұл қарыздың 0,2%-ын ғана қайтарған. Сондай-ақ, Қазақстан Қытай алдындағы берешегінің 4,7%-ын, Жапония алдындағы қарыздың 3,5 пайызын ғана азайта алған. Қазақстан қарызының үстіне қарыз алған елдердің тізімі де белгілі. Биыл елдің халықаралық ұйымдардан алған қарызы көлемі 15%-ға, Ресейден 8,5%-ға, Бермуд аралдарынан алған қарызы 7,3%-ға, Ұлыбританиядан алған борышы 6,9%-ға өскен. Сонымен қатар, Виргин аралдарына 2,9 млрд доллар, БАӘ-ге 2,4 млрд доллар, Германияға 2,3 млрд доллар, Бразилия, Колумбия, Конго, Мавритания және Сирия алдында сыртқы қарызы 100 мың доллар шамасында. Қазақстан қарыз алған мемлекеттердің қатарында Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Мексика, Өзбекстан, Түркіменстан сияқты елдер бар. Міне бұл факт. Бұл ресми дерек! Масқара! Жер қойнауында Менделеевтың 99 элементі бар, жер көлемі бойынша 9 орын алатын, 19 ақ миллион халқы бар Қазақстанның сыртқы қарызы, басқа мемлекеттерге деген берешегі ұшан теңіз. Бұл алған қарыздар қандай игілікке жұмсалды, шикізат экспортынан, өндіріс ошақтарынан түскен қаражаттар қайда. Бөлке нанын 150 теңгеден сатып, көмірге қарық қыла алмай отырған бейшара өкімет өзге ел үшін өзегін жыртады. Мәселен бидай астығы мен көмір ресурсын халықтың ауызынан жырып үкімет Қытайға экспорттауға шешім қабылдады. Қытайға бұл экспорт емес, кәдімгі бір гуманитарлық көмек іспеттес. Қытай қазақтың бұл атымтай жомарттығына да риза болмай, енді қоқан лоққы көрсетіп, бұйрық беруге де көшті; Анығын айтқанда Қытай елі Қазақстаннан өздеріне қарсы ел ішінде жүргізіліп жатқан митингілер мен оған қатысушыларды жазалауды талап етуде. - Қытай елі Қытайға қарсы митингілер мен пикеттерге қатысушыларды жазалауды талап етуде. Яғни, Қазақстандағы синофобиялық көңіл-күйдің төмендеуін сұрауда. Осы арқылы Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастық жалғасуы мүмкін - дейді Қытаймандар. Бұл барып тұрған бассыздық. Үкіметке деген өзінің ащы шындығын шымшыма сатирамен жеткізген Абунасыр Серіктің мынау бір сөздері жанымды рақаттандырды шыны керек. Жошы ханның өлімін Шыңғысханға домбыра арқылы жеткізген күйшідей көрінді. Әлеуметтік желілерде актер Әбунасыр Серіков қазақтың қазіргі жағдайынан хабардар еткен бейнежазбасы тарады. «Сендер көрдіңдер ме біздің қазақтың подвалда, базарда контейнерде тұрып жатқанын? Соны неге айтпайсыңдар? 30 жыл болды ғой өтірік мақтап жүргендеріңе. Квартирада тұрып жатқан кімдер? Үйсіз жүрген біздің қ