СҰМДЫҚ! ҚОСТАНАЙ ӨРТКЕ ОРАНДЫ HD
Бәріңізге ассалаумағалейкум Қостанай отқа оранды. Алдыңғы күннен бері жалыны шарпыған от қаншалықты шығын әкелді? Қай уақытқа дейін ауыздықталады? Бұл өрттің қасақана жасалуы мүмкін бе? Оған Ресейдің қандай қатысы бар? Қазақстан шынымен де солтүстіктегі көршісімен бәсекелес болғаны үшін осындай жағдай туындады ма? Бұл туралы өте өзекті ақпараттарды сізге Көрген дұрыс! Қостанайда кешеден бері алапат өрт болып жатыр. Қыркүйектің екісі күні түскі сағат 13.21 шамасында "Автомагнат" дүкені аумағында автокөлік дөңгелегінің қақпақтары өртеніп жатқаны анықталды. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, өрттің күшеюіне ауа температурасының жоғары болуы және қатты жел әсер еткен. Бүгін сағат түскі сағат 11.20 кезінде Назарбаев даңғылында орналасқан «Оружейная палата» дүкені отқа оранып, өрт «ЮГ» техникалық байқау станциясы мен жапсарлас орналасқан асхананы жайлаған. Сондай-ақ, 8 жеке тұрғын үй мен жақын маңдағы екі автокөлікке зиян келген. «Қару-жарақ дүкені иесінің айтуынша, жертөледе 2 адам бар, оқ-дәрілер жарылуы мүмкін, сондықтан жеке құрам дүкенге кіре алмайды. Оқшаулау және жою мүмкін емес. Өрттің шығу себебі анықталуда", - деп хабарлады ТЖД. Кейін белгілі болғандай, Қостанайдың Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарында ірі өрт шыққан. ТЖД Лисаковскі елді мекеніндегі саяжайлар мен Новонежинка ауылындағы орман өртеніп жатқанын растаған. Сондай-ақ Қостанайдағы өртті сөндіру үшін Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарынан көмекке өрт сөндірушілер жіберілетіні айтылды Ресейдің ақпараттық-бақылау кеңістігінде “Жоспарлы түрде азық-түлік тапшылығын жасау» деген мағынадағы хабарлар белсенді түрде таратыла бастады, деп жазады «РПУ Данк» телеграм арнасы. Қазақстанның солтүстігіндегі Қостанай облысында ормандар мен бидай алқаптары өртеніп жатыр, жақын маңдағы елді мекендерде бірқатар «түсініксіз» өрт шықты. Зардап шеккендер бар, әкімшілік орталыққа, Қостанай қаласына апаратын басты тас жол жабылды. Айта кету керек, Лисаковскіде бірнеше күн бұрын 600-ге жуық саяжай өртенді. Фермерлердің хабарлауынша, қазір егін жинау науқаны және дәл осы уақытта бидейдың өртенуі бекер емес. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия отырысында Ресей үшінші елдерге астық экспортын жүргізу үшін квоталар мен баж салығын енгізуді Қазақстаннан талап еткен болатын. Ресей бұл талабын ЕАЭО елдері арқылы шектеулерді айналып өтіп, Ресейлік астықтың кері экспортын алдын-алудың жалғыз жолы деп түсіндірген. Қазақстан Ресейлік талапқа үзілді-кесілді қарсы, өйткені шетелге астық жеткізуді өзі одан әрі дамытқысы келеді. Орталық Азия елдері Қазақстандық астықты – бидай мен арпаны өткізудің басты нарығы болып табылады. Ресей мен Украина әлем нарығындағы астық шығаратын алпауыттар. Бірақ соғыс басталғаннан соң астық экпортында үлкен өзгерістер болды. Ресей Украинаның басып алған аймақтарынан астық тасып, заңсыз шетке жөнелтіп жатыр. Сондай-ақ Ресей Еуразия экономикалық комиссиясының 20 мамырдағы жиналысында Ресей ЕАЭО елдеріне үш