Түркістан облысының сұр жармысқысы
Сұр жармысқы/Серый геккон (Mediodactylus russowii) — жармасқытектестер тұқымдасына жататын кішкентай кесіртке. Дене ұзындығы 4–5 см, құйрығының ұзындығы 5–6 см. Аталықтар мен аналықтардың түсі бірдей, бірақ аналықтары сәл үлкенірек. Өте елгезек және жылмаң жануар. Көлденең бетте басымен төмен қарай жүгіре алады. Сұр жармысқы — құрғақ шөл ландшафттарының, құмды және сазды шөлдер мен жартылай шөлдердің көрнекті өкілі. Таулы аймақтарда 2000 метрге дейін биіктікте көтеріледі. Кесірткенің типтік тіршілік ету ортасы сексеуіл ормандары, шөлейт өзендердің алқабындағы қопалар, тік тасты беткейлер мен тасты қорым. Баспаснасын тастардың жырықтарында, тастардың арасында, ағаш қуыстарында, қараусыз қалған құмырсқаның илеуінде және ұсақ кеміргіштердің індерінде табады. Қабырғаларда және тастанды саз және тас ғимараттардың ішіне қонуы мүмкін. Әр гектарда 104 гекконға дейін болуы мүмкін. Негізгі тіршілік ету орны толығымен Қазақстанды алып, Қытайдың солтүстік-батысына дейін созылады. Сұр жармысқылар әр түрлі омыртқасыздармен қоректенеді, ең алдымен: тік қанаттылармен (қара шегіртке, көк қасқа шегіртке, шегіртке), жарғаққанаттылармен, қатты қанаттылармен(қоңыздар) және өрмекшітәрізділермен. Қазақстанда сұр жармысқы батыстағы Жем өзеннің төменгі ағысынан бастап, шығыстағы Алакөл ойпатына дейін республиканың оңтүстік бөлігінде мекендейді. 2019 жылдың сәуір айында Түркістан облысында түсірілген. Дереккөз: https://www.instagram.com/p/BwzGgixHIQk/?igshid=1ngv537xe3xn Қазақстанның кесірткелері, #Қазақстанныңкесірткелері, Қазақстанның бауырымен жорғалаушылары, #Қазақстанныңбауырыменжорғалаушылары, рептилии Казахстана, #рептилииКазахстана, ящерицы Казахстана, #ящерицыКазахстана, Kazakhstan lizards, Kazakhstan Transcaspian Bent-Toed Gecko
Похожие видео
Показать еще