Алаяқтықпен істі болған вице-министрден тәркіленге брендтық сөмке аукционға сатылымға шығарылды HD

06.04.2022
Бұрынғы спорт және мәдениет вице-министрі Сәкен Мұсайбековтен тәркіленген қымбат сөмке сатылып жатыр. Экс-шенеунікті тінту кезінде табылған «Эрмес» брендінің әйелдерге арналған сөмкесі 8,5 миллион теңгеге бағаланып, электронды аукционға қойылған. Бірақ бағалы сөмке тым қымбат болғандықтан ба, әйтеуір ешкім аукционға қатыспапты. Сондықтан бренд өнім сатылымнан алынды. Ал жыл басынан бері бір ғана елордада 1,5 миллионға бағаланған 43 сыйлықты шенеуніктер мемлекет қоймасына тапсырған. "Алаяқтық бабы" бойынша істі болып, басы бәлеге қалған бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековке былтыр үкім шыққан еді. Оның мына әйелдерге арналған қоңыр сөмкесін шетелге ұшайын деп бара жатқан жерінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тәркілеп алған. Қымбат брендті сөмкені мемлекеттік мүлік комитеті 8,5 миллион теңгеге бағалап, наурызда сатылымға шығарды. Алайда сөмкеге қызыққан адам болмағандықтан сатылым тоқтатылыпты. ВЕНЕРА ЖҰМЫҚОВА, Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мүліктермен жұмыс жасау бойынша бөлім басшысы: – Бұл сөмке бізге сыйлық ретінде өткізілмеген. Ол тәркіленген сөмке. Егер сатылған жағдайда сатылымнан түскен ақшасы республикалық бюджетке өткізілетін болады. Сөмке әзірге қоймаға қайта қойылды. Он бес күннен кейін тағы сатылымға шығарылады. Егер ол кезде де өтпесе, бағасы елу пайызға дейін төмендетіледі. Ал мемлекеттік қызметкерлер мен шенді, шенеуніктердің киген киімін, бағалы заттарын да сынға алып, түрлі зерттеу жасайтын журналист Михаил Козачков оны бәсекелестік пен мақтаншықтық деп бағалайды. Айтуынша, олардың қымбат көлік мініп, зәулім сарайларда тұруы үлкен күмән тудырады. МИХАИЛ КОЗАЧКОВ, журналист: – Әсіресе лауазымды шенеуніктердің жұбайлары түрлі брендтік бұйымдарды алып, әлеуметтік желідегі парақшаларына жарыса жариялап жатады. Сөйтіп елге көрсетіп, мақтанып отырады. Олар осылайша бір-бірімен бәсекелесетін сияқты көрінеді. Алайда бағалы дүниелердің құны, оны алып беріп жатқан шенеуніктердің жалақыларына мүлдем сай келмейді. Демек, ақшаны "басқа" жолмен тауып отырған болуы мүмкін. Қазір елордалық қоймада бұрынғы мемлекеттік қызметкерлерден тәркіленген екі автокөлік пен 22 мың бөтелке алкогольді ішімдік, ойын автоматтары тұр екен. Ал жыл басынан 1,5 миллионға бағаланған 43 сыйлықты шенеуніктер өздері тапсырған. Оның ішінде бір қорап шайдан бастап, қымбат кәдесый, картина және ыдыстарға дейін бар. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Шенеуніктердің_сыйы #сөмке #аукцион #Hermes

Похожие видео

Показать еще