Қытайды Бұтына Тыштырған..! HD
Реклама сотрудничество +77072989335 Vk https://vk.com/programs2017 Бәріңізге Ассалаумағалейкум! Сіз 20 ғасырда ұлтының азаттығы үшін екі империя жәнеде 4 үкіметке қарсы 11 жылдан аса күресіп, бірнешерет жеңіске жеткен, Керейден шыққан жаужүрек батыр жайлы білесізбе. Қазақ қашанда батырдан кемде болмаған, Белдескеннің белін үзіп, Жауласқанның Жалауын жыққан, Халқының амандығын алдыңғы орынға қойып. Бек ұлдарым құл, Пәк қыздарым күң болмасын деп, Талай майданда қанкешкен. Айдахар дай алып Қытай мен Аюдай ақырған Алпауыт, Орыстың қорқынышты түсіне айналған, Қазақтың қара нардай қайсар ұлы Оспан батыр жайлы сізге БІЛГЕН ДҰРЫС. Қазақтың алтын аңызына айналған Өр Алтайдың өрен ұлы Оспан батыр 19 ғасырдың аяқталар шағында өмірге келген. Жігіттік шағы 20 ғасырдың баскезіндегі аласапыран заманда өткен, Оспан батыр 12 жасынан ел ісіне араласа бастады. 2 дүние жүзілік соғыс басталған тұста Кеңес үкіметінің басшысы Иосиф Сталин Шығыс Түркістан Республикасын құруға күш салды себебі шығыста Кеңес одағына көмек бере алатын немесе Тікелей Сталинге бағынатын ел керек болды. Жапан далада жалғыз жортқан түз тағысы секілді Оспан батыр бір мезетте: Маңғолиядағы Кеңес елшілігін басқарған Маршал Чойбалсанменде Шыңжаңда жеке дара билік құрған Шың Ши Сай менде күрес жүргізді. Алтайдың азаттығы үшін күрескен Оспан батыр Исламұлының әскер саны 40 000 адам болған, 40 жылдары Қытайда 800 000 аса қазақ өмір сүрді. 2 дүние жүзілік соғыстың басында Кеңес одағының халі мүшкіл күиде болатын, осы кезде Қытайдың билігін мойындамаған Манжуриялық Шың Ши Сай бастаған Гоминдан үкіметі Камунистік Маңғолияға қауіп төндірді. Маршал Чой Бал Сан Алтай тауларын қоныстанған Оспан батырды Манжурларға қарсы қалқан ретінде пайдаланды, Оспан батырдың Маңғолия тарапынан келетін көмекті қабыл алудан басқа амалы жоқ еді Себебі қара Қытайлар Шегара асып соғысуы үшін Оспан батырдың жерінен өтуі тиіс болатын. 1930 - 1940 жылдардың арасында Кеңес одағы мен Манчжуриялық Гоминдандар үкіметінің, ұйымдастырған Қазақ ұлтын Жаппай қырып жою Жұмыстарынан кейін, Оспан батыр Екі үкіметкеде сенбейтін еді. Гоминдан әскерін Алтай тауларынан бірнеше мәрте қуып шыққан Оспан батыр 1943 жылы 22 шілдеде Бұлғында өткен Қазақ құрылтайында Алтай Қазақтарының ханы болып сайланды. Әскерінің бас қолбасшысы болып Сұлубай батыр бекітілді. Сонымен қатар Нұрғожай батыр бастаған 9 орынбасары болды. Шығыс Түркістан республикасының басшылығына Әлихан төре бастаған Кеңес үкіметінің Адам дары келгеннен кейін, Оспан батыр Шығыс түркістанның болашағынан күдерін үзіп тәуелсіз Алтай Хандығын Құруға ұмтылды. Алғашында Жоспар орындалғандай көрінгенімен Нацистік Германия 2 дүние жүзілік соғыстан жеңілгеннен кейін, Батыр армандаған азаттық көзден бұлбұл ұшты. Оспан батыр 1945 жылдың қыркүйегінде Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының губернаторы ретінде қызметін бастаған болатын, Арада бір жыл өткенде Қызметінен бас тартып соңынан ерген халықпен бірге Бәйтікке қарай қоныс аударады, Олай жасауының себебі Шығыс Түркістан үкіметінің
Похожие видео
Показать еще