ЕРДОҒАН ҚАЗАҚТЫ САТЫП - АҚШ-ПЕН БІРІГЕМІЗ ШШС! МЕНІ САТЫП КЕТТІ - АРАМ ЕКЕНСІҢДЕР!
Бәріңізге Ассалаумағалейкум! Атам қазақ: «Айғырмен алысқан жылқы, арқасын жұлдырады» деуші еді. Қазіргі жер бетінің айғыры - бәріміз білетіндей азуы алты қарыс АҚШ елі. Кезінде Кеңес үкіметі АҚШ-пен алысамын деп, ғылыми-технологиядан қағылып, санкцияның астында қалды, ең соңында ыдырап тынды. Совет одағының соңғы мұрагері - Ресейде шамасына қарамай, «азулымен алысамын» деп Байден мырзаның санкциясына тап болды. Соңғы уақыттары осы «қалпақты» қытай мен Түркия киюде. Қытайға еш обал жоқ, санкцияның астында қала берсін. Ал өзіміздің туысымыз - Түркияның санкцияға ілініп, АҚШ-пен алысуға көшуі түбі жақсылыққа апармасы анық. Біз үшін біреу болсада, түркі тілді елдің дамып, күшейе бергені жақсы. Бәріміз «ертуған, яғни нағыз ер» деп мақтап жүрген - Ердоған мырза бір жылдың ішінде, қытайдағы саяси қуғын-сүргін лагері туралы екі түрлі сөйлеп кетті. Біресе қытайды қатаң айыптаса, енді бірде «Шығыс Түркістанда түркі тілді халықтар өте жақсы, бай-қуатты өмір сүріп жатыр» деп соқты. Достар сіздерге кішігірім өтініш, дәл қазір төменге түсіп подписаться деген қызыл тетікті басып қасында шыққан қоңыраушаны баса салыңызшы, қиын емес қой. Бастыңыз ба? Әп бәрекелді! ары қарай кеттік сіздерге мықты экономист Ербосын Нұрмұханұлының мына бір зерттеуін ұсынамыз. Байқасам, Қытайдың сыртқы істер министрі Уаңийдің Түркияға сапарын әлеуметтік желіде, бүкіл түркі жұрты қызу талқылап жатыр. Көп пікір «Түркия неге Қытайдың аяғына жығылды?» дегенге сайып жатқан секілді. Бұл тақырыпты жұрттың, әрине, қызу талқылайтын жөні бар. Батыстың алпауыттары, түріктің қандас бауыры болған - Шығыс Түркістандағы ұйғыр, қазақ, қырғыздарға «геноцид жасады» деп шулап жатқанда, Түркия басшысының Қытай сыртқы істер министрін дипломатияның жоғары құрметін көрсетіп, «жайылып жастық, иіліп төсек» болып күтіп алуы - түркі туыстардың көзіне ерсі көрінгені анық. Сонымен бірге, күллі түркі баласының болашақта, Түркияның басшылығымен «Тұран одағын» құрып, әлемде «есесі кетіп, еңсесі түскен» түркілердің «айдарынан және бір рет жел естірсек» деген үміті мен арманы сетінеп кеткендей болды. Бар «үміт артып» отырған Түркияның Қытайдың құшағына құлауы – «сенген серкем сен болсаң, сидиған мүйізіңді сындырайын» дегізбегенімен, оларды шамдандырғаны рас. Сондықтан, түрікшіл белсенділердің «түрік басшыларын жерден алып, жерге салып сынауы», бір қарағанда, орынды сияқты. Қазақта: «ойлаған ойды, қысқан тұрмыс билейді», деген сөз бар. Біз алдымен ешқандай эмоцияға берілмей тұрып, Түркияның қазіргі саяси экономикалық жағдайын зерделеп, ағымдағы хал-жағдайын ғылыми түрде сараптап көрейік. Сосын бұл сұрақтың жауабы табиғи түрде табылатын болады. Түркия әлемде экономикасы дамыған, әскери қуаты күшті елдердің қатарына жатады. Бірақ, ол - бүкіл әлемге өз үстемдігін жүргізе алатын жойқын күш-қуатқа ие алпауыт ел емес. Соңғы он жылдан бері, Түркияның саяси жүйесінде бірқатар тұрақсыздықтар орын алды. Естеріңізде болса, 2016 жылы Анкарада саяси, әскери төңкеріс болып, соңында Ердоғанның жеңісімен саяси төңкеріс сәтсіз
Похожие видео
Показать еще