Ақтөбеде шошқа фермасын жабуды талап еткен халық тағы бас көтерді HD
Ақтөбедегі шошқа фермасының қожайындары ешқайда кеткісі келмейді. Ферманы жабуды талап еткен халық бүгін тағы бас көтерді. Екі айдан бері ушыққан мәселе әлі күнге шешілер емес дейді Бестамақ ауылының тұрғындары. Өйткені шошқа фермасының басшысы халықтың да, биліктің де талабын елемеген. Базадағылар бұрынғыдай сойылған шошқалардың өлігін көміп, нәжісін өзенге ағызып жатыр. Ал мәселе көтерілгенде ферманың жұмысын уақытша тоқтаттық деген Ақтөбе билігі болса ферманы жаппақ түгілі бизнесменге салынған жеті миллиард теңге айыппұлды да төлете алмай отырғандарын айтады. Бестамақ ауылының халқы бүгін тағы ауыл іргесіндегі шошқа базасының қасына жиналды. Екі айдан бері ферманың жабылуын талап еткен тұрғындардың алдына бұл жолы облыс әкімі орынбасарының өзі келіпті. Тұрғындар шошқа өсіретін ферманың басшысы билік қойған талапты орындамақ түгілі, енді бір ауылдың ішіне іріткі салып, халқын бір-біріне қарсы қойып қойды дейді. АЛМАТ ЖАНБОЛАТОВ, Бестамақ ауылының тұрғыны: – Просто олардың өздерінің былықтары бар. Құтыла алмай жатыр, қайда қашарларын. Әдейі бізге қарсы шығартып қойды. Ана жерде біздің апамыз бар. Ағамыз бар. Әдейі қарама қарсы шығарып қойды. Үкімет дым істей алмай жатыр. Жаба алмай жатыр ғой. Түнде көрсеңіздер ғой, боқтың бәрін қалай шығарып жатыр, тасып жатыр. Дым да істеп жатқан жоқ. Заң жоқ Қазақстанда. САМАТ САҒЫНБАЕВ, Бестамақ ауылының тұрғыны: – Мында елу бес мың шошқа бар дейді. Бізге санауға рұқсат бермей жатыр. Бұл жақта 120 000 шошқа бар. Күнбе күн су әкеп жатыр, жем жеп жатыр. Нәжістері шығып жатыр ғой. Разница жоқ. Та же система, жұмыс жасап жатыр. Ауылдастар арасындағы ушыққан жағдайды әріге апаруға қорықты ма, полицейлер араға түсіп, жұмысшыларды фермаға қуып тықты. Ал наразы топтың алдына келген шенді қазір фермада шошқаны шетінен жойып жатыр деп сендірді. Ферма жұмысы мен басшысына қатысты анықталған заңбұзушылықтар бойынша сот та басталыпты. НҰРЖАУҒАН ҚАЛАУОВ, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары: – Экология департаменті бойынша он үш әкімшілік іс қозғалған болатын. Соның ішінде үш әкімшілік іс бойынша 1 250 000 теңге айыппұл салынды. Оның процестері жүріп жатыр. Одан бөлек келтірілген шығындар бойынша жеті миллиардтай ақша көрсетілген болатын. Сол бойынша сот процесі 26 қаңтарға деп жоспарланып отыр. ЖАНАР ҚОЖАНОВА, тілші: – Бүгін тағы наразылыққа шыққан Бестамақ ауылының тұрғындары мына шошқа фермасы жұмысын тоқтатпайынша, біз де қарсылығымызды тоқтатпаймыз деп бекініп отыр. Олар бүгін жергілікті билікке алдағы үш айдың ішінде базадағы шошқалар түгел жойылып, ферма толық жабылсын деген талап қойды. Жанар Қожанова, Бағдат Баймурзин Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар
Похожие видео
Показать еще