«Шығынға шаш етектен баттық». Қызылордалық жүргізушілер ақылы жолға қарсылық білдіруде HD

02.12.2021
Қызылорда облысында жүздеген жүк көлігінің жүргізушісі халықаралық тас жолдың бойында наразылыққа шықты. Айтуларынша жақында іске қосылған ақылы жолдағы бақылау камералары мүлде дұрыс орнатылмаған. Соның кесірінен жүрмеген жолымызға ақы төлеп, шығынға шаш етектен батып жатырмыз дейді. Жаңақорған мен Шиелі аудандарынан жүз шақты жүк көлігінің жүргізушісі ақылы жол іске қосылғалы табан ақы, маңдай терімізбен тапқан табысымыздан түк қалдырмады дейді. Сондықтан, барлығы бірауыздан наразылықтарын білдіру үшін халықаралық Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолының бойына жиналды. ӘДІЛХАН ЖАППАСОВ, жүк көлігінің жүргізушісі – Артығымен айтылғанда материал шығаратын жерге келіп кеткеніміз 100 км. Соған енді 7200 тг алынып тұр. Өзіміз табатын 18 мыңның 7200 теңгесін осыған төлейміз. Соляркаң 230 теңге. Бұл арада прибыл жоқ. Мәселе көліктердің жүрген жолын есептейтін камералардың дұрыс қойылмағандығында дейді жүргізушілер. Айтуларынша жүк көліктері шақырымына тариф бойынша 25 теңгеден төлеу керек делінген. Алайда камералардың арасы дұрыс есептелмей, жүргізушілердің жүрмеген жолы қосылып, төлем бағасы қымбаттап кетті дейді жиналғандар. АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ, тілші: – Қызылорда қаласынан шыға берістегі мына бейнебақылау камерасы мен келесі аумақтағы камераның аралығы 100 шақырымдай болады. Егер көлік осы камера тұсынан өтсе болды, келесі аумаққа дейінгі аралықты жүрсе де, жүрмесе де осы 100 шақырымның ақшасын төлеуге міндетті. Ал жүк көлігінің жүргізушілері жүрмеген жолымыз үшін ақша алу, қарапайым халықты қанаумен бірдей деп ашынады. МҰХАМЕДЖАН АХМЕТОВ, жүк көлігінің жүргізуішісі: – Енді бізге жеңілдік ештеңе жасалмаса, біз жұмыс істеуді доғарамыз. Болмаса төлемейтін жағына шығамыз. Жиналғандар жылына бір реттік төлем енгізсін деген талаптарын айтты. Ал "ҚазАвтоЖол" өкілі жүргізушілердің шағымдарын елордадағы орталыққа жеткіздік дейді. ЕРҰЛАН ЖҮНІСОВ, "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры: – Кешегі келген көлік жүргізушілерінің ұсынысы Астанаға берілді. Қарастырылып жатыр деп айту керек. Шешіледі деп айтып, сіз де, біз де өтірікші боламыз. Бірақ шешіледі деп ойлаймын. Ал жүргізушілер" ҚазАвтоЖол" осылай халықтың қалтасын қаға беретін болса, өзімізге басқа тегін жол салып аламыз дейді. Абай Нұржанұлы, Рахымжан Ысқақов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #ақылы_жолдар #бетонка #ҚазАвтоЖол

Похожие видео

Показать еще