Қорғастағы шиеленіс: ашынған жүргізушілер жолды жауып тастады

09.12.2020
«Қазақ-Қытай» шекарасына барар жолды жүргізушілер жауып тастады. Бүгін таңнан бері Қорғастағы «Нұр жолы» кеден бекетінде азаматтар дүрлігіп, полицейлер қаптап халықтан маза қашып жатыр. 100 күннен артық Қытайға кіре алмай қалдық деген жүргізушілер кезекті әлдекімдер әдейі жылжытпай тұр дейді. Полицейлер осылайша бір-бірімен қолтықтасып, қатар тұрып жолға шыққан жүргізушілерді итеріп, ығыстырды. Ал наразы халықтың саны өте көп. БАЙЗАҚ БЕЙСЕБАЕВ, көлік жүргізушісі: – Қарап отырсаң, тойсынның ғана машинасы ғана кіреді. 20 машинаны акимат алып алған. 20 машинаны срочный груз дейді. Күнде осылар кіреді, қалған машиналар тұрады. Бұл машиналар очередьте жоқ. Кімнің машинасы бәрі крышованный деп айтады. ЖАНБОЛАТ, көлік жүргізушісі: – Қытай қабылдамай жатыр деп очередьтті тоқтатты. Мына машиналар жүріп жатыр, очередьте жоқ. РҮСТЕМ, көлік жүргізушісі: – Қытай қабылдамаса ол жүк қайдан шығады, 15-20 машина тандем қайдан шығады. Бәріміздің 3-4 бала-шағамыз бар. ИП ашып қойдық, оған төлеу керек, кредит бар. Осылайша жүргізушілер «Нұр жолы» кеден бекетінде тек «танысы барлардың» ғана көліктері өтіп жатыр дейді. Ал бекеттегілер егер Қытай жағы қабылдаса біз көліктерді кедергісіз өткізе береміз дейді. ТҰРСЫН ЕРМЕК, «Нұр Жолы» кеден бекеті бастығының міндетін атқарушы: – Бүгін кіретіндер электронды кезекте тұрған 40 автокөлік кіреді. Ең негізі Қытай Халық Республикасының көліктерінен біздің Қазақстан көліктеріне басымдық беріледі. Негізгі приоритет соларда ғой. Қазір «Нұр Жолы» кеден бекетінде 400 астам жүк көлігі Қытайға кіріп, тауар алып шығу үшін кезекте тұр. Онсызда үш айдан астам кезек күтіп жүрген жүргізушілердің енді тағы қанша ай уақыт тұратынын ойлайдың өзі қорқынышты. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Похожие видео

Показать еще