Балық сүбесі - Асу Алмабаев - Аспаздық Лига HD

28.03.2018
Алдарыңызда "Аспаздық лига" гастрономиялық шоуының жаңа шығарылымы! Қонағымызда Асу Алмабаев - аралас жекпе-жектен, кәсіби спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы. Ол жүргізушіміз Гүлназ Жоланова ханыммен балық сүбесі және ірімшікпен салат дайындалады! Оның рецепттері: Пәнерленген балық сүбесі Балық сүбесі – 1 кг Қытырлақ нан Лимон шырыны Жұмыртқа – 2 дана Балыққа арналған дәмдеуіштер Өсімдік майы Тұз Дайындау тәсілі: Балық сүбесін бөліктерге бөліп, лимон шырынын сеуіп, ұнға аунатамыз. Кейін балығымызды жұмыртқа мен кептірілген нан, дәмдеуіштер қосылған қоспаға шылаймыз. Барлығы біткенше дәл солай қайталап, қызарғанша майға қуырамыз. Кез-келген дастарқанның көркін ашар тағам дайын. Ас болсын! ------------------------------------------------------------------------- Ірімшік қосылған салат Бал – 1 ш.қ. Қыша – 2 ш.қ. Алма сірке суы – 3 а.қ. Өсімдік майы – 4 а.қ. Райхан – 1 бума Черри қызанағы – 150 г Майсыз сүзбелі ірімшік – 200 г Тәтті қызыл бұрыш – 1 дана Қара бұрыш, тұз Алдымен райхан жапырағы, черри қызанағы мен тәтті болгар бұрышын тураймыз. Кейін салатымызға арналған тұздық әзірлейміз. Ол үшін бал, қыша, алма сірке суы, өсімдік майын араластырып, тұз, бұрыш себеміз. Енді туралған көкөністерімізге сүзбелі ірімшігімізді қосып, дайын болған тұздықпен араластырамыз. Дәмімен таң қалдырмай қоймайтын салат дайын. ------------------------------------------------------------ Әлеуметтік желілерімізге қосылыңыз! Facebook - https://www.facebook.com/MagiyaKuhni Instagram - https://www.instagram.com/magiyakuhni/ VK - https://vk.com/magiya_kuhni Google+ - https://goo.gl/QoAv23

Похожие видео