Қаңтардағы бүлік! Тас-талқан болған нысандар қазір қандай жағдайда? HD
Биыл қаңтар айының басында бейбіт шеруді бастаған Маңғыстау облысындағы жұртшылықтың автогаз бағасын арзандатудан басқа қойылған талаптарының көбі орындалған жоқ. Ал Ақтөбеде қиратылған әкімдік нысаны әлі жөнделмеді. Еліміздің өзге өңірлерінде тас-талқан болған нысандар қазір қандай жағдайда? Аймақтағы өзгерістер жайлы Информбюро тілшілері айтып береді. МАХАББАТ НҰРЖАНҚЫЗЫ, тілші: – Маңғыстау облысында басталған бейбіт шеруден кейін автогаздың бағасынан басқа ештеңе өзгермеді дейді қоғам белсінділері. Мекен Айшуақтың айтуынша, өңірде әлі де қымбатшылық жойылмай тұр. Одан өзге ақылы жолды алып тастау, өңірдегі су мәселесін шешу сияқты талаптар тіптен өзгеріссіз қалғанын айтады. МЕКЕН АЙШУАҚ, қоғам белсендісі: – Мұнай мекемелеріне жұмысқа кіру мораторийін алып тастау, ол орындалған жоқ. Жаңадан жұмыс орындарын ашу – олардың ешқайсысы әлі орындалған жоқ. Тек газ елу деген талап орындалды Маңғыстауда. ЖАНАР ҚОЖАНОВА, тілші: – Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген Ақтөбе әкімдігінің ғимараты әлі жөнделмеген. Арада бір ай уақыт өтсе де шенеуніктер келген шығынның көлемін есептеп бітпеген. Әзірге өз күшімізбен сынған есік пен топсаларын жөндеп жатырмыз дейді. Қазір жұмысты бастаған екі бірдей бағалау компаниясының өкілдері алдағы аптада жалпы шығын көлемін айтатын болды. Тіпті олар әкімдікке жаңа есіктердің түсі, түріне дейін таңдап бермек. Ал бұзақылардан кабинетімді "ата-бабамның аруағы мен құдай сақтап қалды" деген облыс әкімі Оңдасын Оразалин жаппай тәртіпсіздік кезінде бағалы техникаларды қоспағанда, шенеуніктер тамақтанатын асхананың қасық, шанышқыларына дейін ұрланғанын айтқан еді. Әкім сол кезде жалпы келген шығын көлемін 300 миллион теңгеге жетеді деп алдын ала есеп шығарып қойған болатын. АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ, тілші: – Қызылорда да жаппай тәртіпсіздік кесірінен қираған, өртенген нысандар да әлі толық қалыпқа келтірілген жоқ. Көбіне жөндеу енді жүргізіліп жатыр. Қаңтар оқиғасында бүлінген ғимараттардың жалпы шығыны есептелген. Барлығы 9 мемлекеттік стратегиялық нысанға 871 миллион теңгеден аса шығын келді дейді облыстық әкімдіктегілер. Нысандардың ішіндегі ең қатты бүлінгені облыстық соттың ғимараты. Қазір бұл нысан күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын 585 миллион теңге керек. Ал Тараздағы тәртіпсіздіктен кейінгі шығын 6 миллиард теңгеге жуықтапты. Олардың ішінде 6 мемлекеттік ғимарат пен кәсіпкерлік нысандары да бар. Қазіргі кезде оларға жөндеу жүргізіліп жатыр. МАҚСАТ ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ, тілші: – Шымкентте де қираған нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, әзірге есептелінген шығын көлемі 100 миллион теңгені құрайды. Алайда, Көрме орталығының сметалық құжаттары әлі толық бітпегенін ескерсек, ол сома тағы да ұлғаюы мүмкін. Еске сала кетсек, бүлік салдарынан Шымкентте 8 бірдей мемлекеттік нысанға залал келтірілген болатын. Айта кету керек, бүліктен қиратылған бұл ғимараттың ешқайсына әзірге бюджеттен бір тиын да бөлінбеген. Аталған жұмыстар демеушілер есебінен атқарылып жатыр екен. Жергілікті құрылыс компан