ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА САЯСИ ТҰТҚЫНДАРДЫҢ ЖАНҰЯСЫН ҚОЛДАЙЫҚ! HD

30.12.2021
ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА САЯСИ ТҰТҚЫНДАРДЫҢ ЖАНҰЯСЫН ҚОЛДАЙЫҚ! Құрметті достар! Міне, көзді ашып-жұмғанша Жаңа Жыл да келіп қалды. Жаңа жыл бәрімізге өзгерістерді әкелсін! Адам баласы тек бір рет қана өмір сүреді. Сол өмірін сапалы әрі мәнді етіп, жақсы өмір сүріп бақытты болуы үшін — күресу өте маңызды. Келер ұрпаққа біз іргесі мықты, азаматтары бақытты бай-қуатты мемлекетті қалдыруымыз қажет. Сол үшін бұл күреске барлығымыздың өз үлесімізді қосуымыз өте маңызды. Қазіргі таңда еліміздің жарқын болашағы үшін күрескен белсенді азаматтарымыз аз емес. Егер барлығымыз осы белсенділерден үлгі алып күресетін болсақ, жеңіске тез жетеміз. Әрине әр адамда, әр-түрлі жағдайлар бар. Дегенмен ашық күресуге мүмкіндіктеріңіз келмесе, митингіге шығудан қорықсаңыздар, онда ең құрығанда саяси себептермен қамалған белсенділер мен олардың жанұяларына қаржылай көмек көрсетіңіздер, ағайын! Саналы әр азамат 1000 теңгеден ай сайын есепшотқа аударып отырса, бұның өзі үлкен көмек. Саяси тұтқындар мен олардың жанұялары сіздердің көмектеріңіздің арқасында еңсесін көтеріп, арттарында қалың елі бар екендігін түсінеді. Қазіргі қиындықтарға төтеп беріп, күрестерін жалғастыруға рухтанады. Немқұрайлы болмаңыздар! Өзгеріс жасау барлығымыздың міндетіміз. Саяси тұтқындарды қолдаңыздар! Көмек Қайрат Қылышевтың жұбайының есепшотына жиналады: ЖАНАР САРЫҚҰЛОВА - ҚАЙРАТ ҚЫЛЫШЕВТІҢ ЖҰБАЙЫ KASPI GOLD: 4400 4301 4386 3881 ЖСН: 851018400698 Егер сіз қаражатты жасырын(анонимді) түрде жібергіңіз келсе, Каспи терминалдарында карта иесінің ЖСН(ИИН) нөмірі арқылы жібере аласыз. Бұл қаражат адвокаттардың қызметтерін төлеуге және саяси тұтқындардың жанұяларын қолдауға жұмсалады. Әрқайсымыз өз болашағымыздың жасаушысымыз. Үлес қосу — өте маңызды!

Похожие видео