Ақтау мектептерінде киіз үй құрылды HD

19.11.2021
Ақтаудағы білім ордаларында «Ұлттық рух, ұлттық сана» атты жоба басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Шара аясында мектептердің төрінде жаппай киіз үй тігілуде. Сондай-ақ қазақтың салт-дәстүрі мен жөн-жоралғысын дәріптеп, қолөнер бұйымдарын жасауды үйрететін қосымша сабақтар ашылды. Текті сөздің төресі термені әуелете шырқап отырған Алшын Қабақов жақында ашылған үйірмеге қатысушының бірі. Ауылда ата-әжесінен тәрбие алған ол ән-жыр тыңдап, салт-дәстүрді көріп өскен. Сондықтан мектебінде басталған қосымша сабаққа қатысуға бірінші болып ниет білдіріпті. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz

Похожие видео

Показать еще