Байзақтағы жарылысқа бір ай: із-түссіз жоғалған Бауыржан Дәуітбаев әлі табылған жоқ HD

27.09.2021
Жамбыл облысындағы жойқын жарылыс кезінде үйлері қираған кейбір қайнарлықтар «шенеуніктер құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр» деп елді алдап отыр деп ашынды. Айтуларынша, бірнеше күннен бері құрылысшылар қажетті материалдарың жоқтығын айтып, жұмысты тоқтатып қойған. Ал тігілген жұп-жұқа палатка жел тұрса ұшып, түнде суықтан қалтырап әрең ұйықтаймыз деп отыр. Жарылыс кезінде ең қатты зардап шеккен Қайнар ауылында1 айдан кейінгі ахуал қандай? Із-түссіз жоғалған Бауыржан Дәуітбаевті іздеу жұмыстары неге нәтиже бермей жатыр? Әріптесім Нұрболат Жаңабекұлы айтып береді. 1 ай бұрын болған жойқын жарылыс кезінде қайнарлық Гүлайна Масалинованың тірнектеп тірлік етіп тұрғызған баспаналары қирауға шақ қалған. Ә дегенде қарқынды басталған қалыпқа келтіру жұмыстары да тоқтап тұр деп ашынды ол. Айтуынша, қажетті құрылыс материалдары жоқ екен. Ал бірнеше жылдан бері қайнарлықтарды басқа жаққа көшіру мәселесі де көтеріліп келіпті. ГҮЛАЙНА, МАСАЛИНОВА, Қайнар ауылының тұрғыны: – Былтыр да айтылды. Былтыр да қозғалды. Оның алдында да айтылып жүрген көшіреді сендерді деп. Сомен былтыр кредит алып. Газ кіргіздік. Көшіреді деп еді. Тоқтап қалды. Құрылыс жұмыстарына көңілі толмайтындардың бірі - Жанар. Ол министр, әкімдер келіп көретін үйлерде ғана жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр деді. ЖАНАР СҮЙІНДІКОВА, Қайнар ауылының тұрғыны: – Енді инстаграмда жазып жатыр. Барлық үйдің төбесі жабылды. Барлық үйге кіріп жатыр деп. Ешқандай кіріп жатқан жоқпыз. Мінекей... Істелініп жатыр енді-енді. Түнде мына палаткада жатамыз. Боран. Шаң-топалаң. Қалаға барып душқа түсіп келеміз. Бала-шағамыз жан-жақта. Қазірдің өзінде Қайнарда құрылыс жқмыстары аяқталуға жақын үйлер бар. Шенеуніктер баспаналарды 17 қазанға дейін аяқтауға уәде етіпті. Ал апаттан соң ізім-ғайым жоғалған Бауыржан Дәуітбаевті іздеу жұмыстары бір айдан бері жалғасып жатқанымен ешқандай нәтиже бермеген. Әскерилер, тау-тасты араладық, жарылыс ошағын қопардық, жүздеген сарбаз жұмылдырылды дегеннен өзге бұл жолы да түк айтпады. ДИНА МУХАРИНОВА, «Тараз» гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі: – Бауыржан жараланғандар мен қаза тапқандар тізімінде және аман қалғандардың да ішінде жоқ. Әрі жарылыс хронологиясын жасау кезінде оның апат ошағында болғаны анық. Әскерилер заң бойынша қару-жарақ сақталған қойма мен елдімекен арасы кемінде 1,5-2 шақырым болуы тиіс дейді. Айтуынша, билік өкілдері қоймаға жақын маңдағы жерді сатарда кімнен рұқсат алғаны белгісіз. Бірақ қазір 19 түтіні бар ауылды көшірген гөрі, сақталған оқ-дәрісі түгел дерлік жарылып кеткен қойманы ауыстыру жайы ойластырылып жатыр екен. Нұрболат Жаңабекұлы, Дәулетбай Нұрмахан Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #байзақ #ТараздағыЖарылыс #

Похожие видео

Показать еще