«Командир, жалынды көріп тұрып, неге шегін демедіңіз?» HD
Байзақтағы әскери бөлімде болған жарылыстан бері 21 күн өтті. Бірақ өрт сөндіруге алғашқылардың бірі болып аттанған әскери бөлім қызметкері Бауыржан Дәуітбаевтан әлі хабар жоқ. Әскери бөлімнің есігін күзетіп, полицияның табалдырығын тоздырудан қажыған Бауыржанның ата-анасы, жақындары полиция әскери бөлімнен тыс жерде іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан жоқ деп наразылық білдірді. Ал, апат кезінде бауырынан, баласынан, жақынынан айырылған жандар, «жарылыс кезінде өрт сөндіруге бұйрық беріп, жастарды қынадай қырып тастағандар өз жазасын алсын» деп талап етуде. Мына кадрларды бүгін Тараз гарнизонының баспасөз қызметі таратты. Көріп тұрғандарыңыздай, үлкен шұңқыр - жарылыс орны. Дәл осы жерден 5 жарым метр тереңдіктен - жарылыс кезінде қаза тапқан ең жас өрт сөндіруші Әліби Кеңес пен әріптестері отырған көлік қазып алынған. Оқиға орнында саперлар иісшіл иттермен жұмыс істеуде. Бейбіт күнде 17 адамның өмірін қиған жарылыс орнында шұңқырға айналған алып апаннан алынған топырақ елеуішке еленіп жатыр. Не іздеп жатқанын айтудың өзі ауыр... Бұл - жарылыс болған күні үйінен шақыртылған әскери қызметкер Бауыржан Дәуітбаевтың ата-анасының ашуы, наразылығы. Ұлынан хабар жоқ 21 күн бойы үнсіз егіліп, өз күштерімен тау-тасты аралап, жоқ іздеген жандардың төзімі таусылды. ТАЛҒАТ ДӘУІТБАЕВ, Бауыржан Дәуітбаевтың әкесі: – Сұрап, не жағдай болып жатыр деп іздеп жатыр ма деген жұмыс жоқ. Көрінбейді. Кеше бір орыс қашып еді, бүкіл милиция іздеді. Ал менің балам 20 күн болды, таппай жатыр. ФӘТИМА АҒЫБЕТОВА, Бауыржан Дәуітбаевтің анасы: – Отаны үшін елпілдеп жүгіріп, частты қалай өшірем, халықты қалай аман алып қаламын деп. Жарылыстан кейін 17 адамның денесі табылған апат орнынан басқа жақтан баламды іздеңдер деп жүрген кісілердің үмітін оятқан осы кісі. Жарылысқа жақын маңда орналасқан шаруашылықта мал ұстайтын отбасының адамы, «әскери киім киіп, басын төмен салбыратқан күйі жарылыс болған жерден келе жатқан бір адамды көрдім» дейді. ГҮЛСІМ ӘБІЛДАЕВА: – Әшейін футболка, шалбар етігін ғана көрдім. Қырынан былай кетті. Біздің үй жанында тұрды. Үйдің ішінен көріп қалдым да шықтым, алыстап кетіпті. Ал, Жамбыл облыстық полиция департаментінің алдына келіп, басшының өздеріне шығып, жауап беруін талап еткен Бауыржанның жақындарына жарты сағаттан аса уақытта генерал шықты. ЖАНАТ СҮЛЕЙМЕНОВ, Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы: – Вертолет болып жатса, шешеміз. Қандай жерге баруды, қанша мәрте дрон ұшырылды. Бес күн дрон көтерілді. ЖҰМАБЕК ХАСЕНОВ, ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының офицері: – Толық түрде жалғастырылып жатыр. Бір метр қалған жоқ. Тау болып жиналып қалған топырақты бір жерден көтеріп алып,.. каждый топырақты илеуіштен өткізіп жатырмыз. Жиналғандар, облыстық ТЖД бастығынан да, жарылатын жердегі өртті сөндіруге кім бұйрық берді деп тап берді. ЕРМЕК МОМБАЕВ, Жамбыл облыстық ТЖД бастығы: – Войсков часттың өрт сөндіру командасы бар. Біздің жеке құрам да барып өшірді. Сіз өртті, жалынды көріп тұрып, неге артқа қайтыңдар деп. Войсканы
Похожие видео
Показать еще