Іс-түссіз жоғалып кеткен тұрғынның мәйітін полицейлер белгісіздер бейітіне көміп тастаған HD
Қызылордада сұмдық жағдай. Іс-түссіз жоғалып кетіп, үш күннен кейін денесі көшеден табылған 35 жастағы Берік Сағындықов жайлы қаралы хабарды полицейлер жақындарына тек бір жарым айдан кейін ғана естірткен. Ал оған дейін баласының жоғалғанын айтып, құзырлы органдарға қаншама рет хабарласса да полицейлер ұлының не өлі, не тірі екенін айтпай келген дейді анасы. Ең сорақысы, Беріктің қазасын естіртпей, оны іздеушісі жоқ марқұмдардың бейітіне жаназасын шығармастан жерлеп тастаған. Ұлының көз жұмғанын 40 күннен кейін ғана естіген ана етегі жасқа толып жылайды. Жоғалған балам жайлы қаралы хабарды естігенде үстімізден жай түскендей болды дейді Жұмагүл Естаева. Айтуынша қарт ана ұлы Берік Сағындықовты соңғы рет 15 желтоқсанда көрген. Құрылысшы болып жұмыс істеуге кеттім деген соң уайымсыз жүргенбіз дейді. Берік екі-үш күн бойы хабарласпай кеткендіктен аймақтық полицияға оның жоғалғанын жеткізген. Содан бері құзырлы органдарға бірнеше рет хабарласып, Беріктің жағдайын біле алмапты. Тіпті арызымызды да қабылдамай қойды деп ашулы. Тек осыдан үш күн бұрын полиция басқармасының тергеушілері Берік Сағындықовтың 18 желтоқсанда қайтыс болғанын, оны өздері жерлеп тастағандарын айтты дейді. АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ, тілші: – Іздеушісі жоқ марқұмдарды дәл мына аумаққа жерлейді екен. Көріп тұрсыздар, бұл жердің қоршауы жоқ, айналасы ашық-шашық. Ал мына тақтайшаларға марқұмдар жайлы белгілі ақпараттар жазылады. Мұнда жерленген адамдардың көбінде тіпті тақтайшалар да жоқ. 18 желтоқсанда қайтыс болған Берік Сағындықовты да осы аумаққа жерлеген. Ал марқұмның киімдерін жерленген жеріне осылай тастай салыпты. БАУЫРЖАН САҒЫНДЫҚОВ, марқұм Берік Сағындықовтың ағасы: – Ағайындары жоқ екен деп ойладық дейді. Танымағанда оның паспорты, данныйы бәрі шығып тұр. Қалай танымаған? Толтырылған делосын қарадым ішінде адресі тұр. Папа, мамасының суреттері де тұр. Қайтыс болған жанның қалтасында жеке куәлігі болса да, полицейлердің өздерін неге іздемегенін түсінбейміз дейді. Сондықтан бұл біз үшін жұмбақ өлім болып тұр деп отыр. Ал сараптама қорытындысында Беріктің жүрек талмасынан көз жұмғаны жазылған екен. Полиция басқармасы марқұмның мәйітін көшеден тауып алғандарын жеткізді. ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ: – Қызылорда қаласы көшелерінің бірінде белгісіз ер адамның мәйіті жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша жедел тергеу тобы барып, мәйітке байланысты мән-жайды анықтау барысында Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Жанқожа батыр көшесінің тұрғыны екені анықталған. Мәйіттің жақын туыстарының табылмауына байланысты ер адамның мәйіті жерлеу бюросы қызметкерлерімен жерленген. Басқарма Беріктің тұрған көшесін тапқанымен, туыстарын қалай таба алмағаны түсініксіз. Көз жұмған жанды 40 күннен кейін тапқан отбасы марқұмды белгісіздердің бейітінен алып , жаназасын оқып, арулап екінші рет жерледі. Абай Нұржанұлы Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.faceboo
Похожие видео
Показать еще