Масаншыда қаза тапқан жігіттің туыстары неге ашулы?

05.03.2020
Бүгін Қордай ауданындағы қақтығыстан соң із -түзсіз жоғалып кеткен Мұрат Масановтың денесін жақындары жер қойнына тапсырды. Марқұмның жаназасына жиылған жұрттың қарасы қалың. Мұраттың туыстары, жергілікті билік пен полицейлердің жұмыстарына көңілдері толмайтындарын айтады. Сөздерінше, бүгінге дейін бірде бір рет хабарласып, іздеу жұмыстары жайлы тіс жармаған екен. Ал мәйітті берер кезде полицейлер марқұмға жала жауып, қорлады дейді.

Похожие видео

Показать еще