Қаза тапқандар саны 12 адамға жетті HD

27.12.2019
27 желтоқсан күні таңғы сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшқан. "Bek Air" әуекомпаниясының №Z2100 рейстегі Fokker-100 ұшағы бетон ғимаратқа соғылып, апатқа ұшырады. Бортта бас-аяғы 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Сондай-ақ апат болған ұшақ бортында шетелдік азаматтар да болған. Бұл туралы ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратты. Атап айтқанда, Украинаның 2 азаматы, Қырғызстаннан 1 азамат және 1 Қытай азаматы бар. Қалғандарының бәрі Қазақстан азаматтары. Қаза тапқан азаматтардың аты-жөндері: 1.​ Николай Асташов, 1971 жылы туған 2.​ Рустам Кайдаров, 1940 жылы туған 3.​ Бауыржан Калиев, 1974 жылы туған 4.​ Базархан Карибаев, 1974 жылы туған 5. Марат Муратбаев, 1961 жылы туған (экипаж капитаны) 6.​ Абай Нурбеков, 1986 жылы туған 7.​ Аршат Исина 8.​ Сания Аманжол 9.​ Дана Круглова, 1984 жылы туған 10. ​Каирхан Туматов, 1955 жылы туған 11.​ Валерий Ануфриев 12.​ Имина Оспанова, 1963 жылы туған

Похожие видео

Показать еще