Бомба түскендей! Ақтауды дүр сілкіндірген жарылыс неден болған? HD
Ақтаудағы жойқын жарылыстан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Бұл - Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми мәліметі. Ақтаулықтардың зәре құтын алған жарылыс себебі әлі нақтыланбады. Екі қабатты ғимараттағы екі жүз метр жердің күлін көкке ұшырған жарылыс кезінде құдды бір аспаннан бомба түскендей халық қорқып қалған. Ал апаттан кейінгі үйінді астында он шақты шетелдік көлік қалған. Автомобилі қираған азаматтар полиция іске әлі тіркемей жатыр деп наразы. МАХАББАТ НҰРЖАНҚЫЗЫ, тілші: – Екі қабатты ғимаратта болған жойқын жарылыс 200 шаршы метр аумақты әп сәтте жермен жексен етті. Тіпті осы маңнан өтіп жатқан көліктер де үйіндінің астында қалды. Төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері оқиға орнында әлі жұмыс істеп жатыр. Мамандар үйінді астынан екі газ баллонды алып шыққан. Жарылыс аумағынан 300 тонна қоқыс шығарылыпты. Ал қала тұрғындары бомба жарылғандай дыбысты естігендерін айтады. Тіпті кейбірі, жер сілкінді деп таңды үреймен атырған. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық тіпті сол маңдағы гаражда тұрған көліктер де қираған. Мәселен, Тұрсынбай Тәжетиновтың жақында ғана сатып алған автомобильі үйінді астында қалған. ТҰРСЫНБАЙ ТӘЖЕТИНОВ, қираған көліктің иесі: – Кеше взрыв болғанда осы жерде тұрдық, үстімізден тас жауды. Біз қашып, мына бокске кіріп кеттік. Мына бокстегі вороталарын жұлып алды мына жердегі. Страхование көмектесе ме бізге, көмектеспей ме. ЭДУАРД ЕГОРОВ, Қираған көліктің иесі: – Полиция әрекет етпей жатыр. Тіпті тіркеуге де алған жоқ. Полицейлер бір-біріне сілтеп жатыр. Енді көліктің сынған бөлшектерін де тапсырыс беріп Америкадан алдыру керек. Тергеу барысында кінәлі деп тапқан адамнан шығынды талап ететін боламын. Төтеншеліктердің соңғы ақпаратына сәйкес, жарылыстан әзірге 10 автокөлік зақымданған. Сонымен қатар, бүгін таңертең үйінді астынан табылған екі газ баллон қауіпсіз аймаққа жіберілді дейді төтеншеліктер. Ал кешеннің бір бөлігін жалға алып отырған дәмхана иесі мамандар жарылды деп болжаған газ баллон маған тиесілі емес деп отыр. АБАЙ ӘМІРЕЕВ, Кәсіпкер: – Не жарылуы мүмкін деп ойлайсыз? – Оны енді тексеріп жатқандар білетін шығар енді. Мен оны неден болғанын қайдан білемін?! – Газ баллон қолданасыздар ма кухняда? – Газ баллон артқы жағында қолданылады. Ол әлі қарап жатыр ғой. Шығатын шығар. Көреміз ғой. Құлаған зданиенің бергі жағынан баллондарды тауыпты. Ол жоғардағы 2- этаждікі ма, қапталдағы ма, оны мен білмеймін. Біздікі емес. Мамандар зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді. Жарылыстың нақты себебі де әзірге анықталмаған. Алдын ала болжам бойынша электр қуатының қысқа тұйықталуы немесе газ баллон жарылған болуы мүмкін деп болжайды мамандар. . САНЖАР ӘДІЛОВ, ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы: – Шығынды анықтап жатырмыз. Зардап шеккендер жоқ, осы жарылысқа байланысты ешкім ауруханаларға барған жоқ. Бейнежазбалар бойынша оқиға орнын тексеруге жедел тергеу тобы құрылды. Құтқарушылар мәлеметінше жарылыс болған аумақта қазір ешқандай қауіп жоқ. Құқық қорғау органдары өрт қауіп