Маңғыстау облысы, Сайын Шапағат кентіндегі тұрғындардың жанайқайы
Маңғыстау облысы, Сайын Шапағат кентіндегі келеңсіз жай тұрғындарды дүр сілкіндірді. Шенділер келіп, алтыншы кварталдың болмайтындығын айтып зәрелерін алған. Екі ай бұрынғы жоспар бойынша, бұл жерде тұрғын үйлер емес, өндірістік бөлімшелердің болуы керектігі анықталған. Осы топырақта 5 жылдан астам уақыт мекен еткен тұрғындарға аумақты босатуларын сұрапты. Сайын Шапағат кентінде 912 жер телімі бар. Онда жарықтың, газдың және судың жоқтығына қарамастан басым бөлігіне көпшілік қоныстанып үлгерген. Тұрғындар бұдан да жайлы жағдайларда өмір сүргілері келетінін ашық айтты. Тек барар жер, басар тауларының жоқтығына қапалы. Ал ақ жағалыларды бұл жағдай алаңдатпайтынға ұқсайды. Таңсұлу Шоқанбаева, тұрғын: Олар біздің жерімізді тартып алмақшы. 5 жыл бұрын өздері берген жерге біз ендігі үй де салып қойғанбыз. Енді қайда барамыз. Қалай бұзамыз? Бұлай боларын білмедік дейді, ал бас жоспарды алып көрдік. Жер бөлімшелерін заңдастыра алмаймыз, себебі тиісті жерлер тіркемейді. Тіпті жедел жәрдем де бізге келуден бас тартады. Әкімшіліктегілер өз айтқандарынан қайтпай отыр. Олардың айтуынша мұндағы тұрғындар әкімшілік актіге қол жеткізе алмайды. Демек, олардың үйлері салынып тұрғанымен қағаз жүзінде жоқтың есебінде болатындығын айтады. Сол себептен де мұнда коммуникациялар да болмайтын көрінеді.