Жаппай тәртіпсіздіктер орын алып жатқанда, халыққа төбе көрсетпеген әкімдер кімдер? HD

14.01.2022
Бейбіт шеру жаппай тәртіпсіздікке ұласқанда бүлікшілерге басу айтып, сабырға шақырған шенеунік болды ма? Қазір көпшіліктің көкейіндегі сауал осы. Өйткені, өздері басқарып отырған өңірдегі стратегиялық нысандар өртке оранып, ғимараттар қиратылып жатқанда облыс басшылары да жоғалып кеткендей еді. Сонымен, шенеуніктердің қайсысы төбе көрсетпеді? Әріптесім Нұрболат Жаңабекұлы қиын-қыстау кездегі әкімдердің әрекеті мен әдебіне шолу жасап көрді. Әу баста бейбіт шеру Маңғыстау облысында басталды. Алғашында алаңға жиналған халықты азсынды ма, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен халқымен тілдесуге келмеді. Тек халық киіз үй тігіп, жиналғандар саны көбейгеннен кейін, яғни бір тәулік өткен соң өңір басшысы төбе көрсетті. Маңғыстау облысында басталған шеру еліміздің барлық өңірінде жалғасты. Көп ұзамай жер-жерде жаппай тәртіпсіздік пен бүлікке ұласты. Сонда да халық өңір басшыларынан, әсіресе қала әкімдерінен қолдау күтті. Мәселен, алматылықтар Бақытжан Сағынтаевтың бірден көпшілік алдына шығып, жиналғандарды сабырға шақырмағанын сынға алды. Жағдай тіпті ушыққанда да әкімнің тым болмаса теледидардан тұрғындарға үндеу жасамағанына наразылық білдіргендер болды. Бірақ Бақытжан Сағынтаев бүлікшілер ғимаратты басып алғанға дейін жұмыс орнымда болдым деп ақталды. Айтуынша, кейін жедел штабқа ауысыпты. БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, Алматы қаласының әкімі – Түрлі министрлермен байланыста болып, әрбір бес-он минут сайын оларға жағдайды баяндап отырдым. Қалада төтенше жағдай жариялау, қосымша күш тарту керектігі туралы айттым. Ешқайда кетпей, жұмыс орнымда болдым. Ал Жамбыл облысының әкімі наразы топпен тілдесуге алдымен депутаттар мен спортшыларды жіберген. Бірақ жиналғандар қоғам өкілдерінің сөзіне тоқтай қоймапты. Ақыры өзі де елдің алдына шыққан. Айтуынша, жиналғандар нақты талап айтпаған. Облыс әкімінің баспасөз қызметі әкімдік ғимараты өртеніп жатқанда да, Бердібек Сапарбаев елдің арасында болды деді. Тек бұзақылар мекемені басып алып, бірінші қабатын өртегенде штабқа кетіпті. Ақтөбеде әкімдік алдына жиналған халық облыс басшысы Оңдасын Оразалинді бірнеше күн бойы диалогқа шақырса да, әкім бір де бір рет ел алдына шықпады. Тек қала әкімі ғана халыққа басу айтып жүрді. Ал әкім орынбасары жиналған жұрттың билік өкілдерімен сөйлесуге құлқы болмады дейді. Айтуынша, облыс басшысын да ешкім тыңдамайды деп топшылаған. Сондықтан наразы топпен тілдесуге шықпапты. Әрі жеке бастарының қауіпсіздігін ойлаған екен. РУСЛАН ҚАМБАРОВ, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары: – Әкім не орынбасарлары шығып басу айтқанда, халықтың сөзге ұйып тыңдаған бір мысалын келтіріңіздерші? Ондай жағдай болған жоқ. Сол үшін "әкім қашып кетті", "орынбасарлары қорқып елмен кездесуге шықпай қойды" деген сыңды әңгімелер айтылмау қажет. Халық алдына Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев та шықты. Әуелі облыс әкімдігі ғимаратының алдына жиналған мыңдаған тұрғынның талабын мұқият тыңдады. Кейін басу айтып, халықты сабырға шақыруға тырысты. Бірақ жиналғандардың жан-жақтан сөзін бөліп, соңына дейін тыңдамаған

Похожие видео

Показать еще