Бас тарту рәсімі.

16.10.2020
Бас тарту рәсімі туралы. Қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің бірі, ол бас табақ пен бас тарту ұсыну. БАС деген сөздің өзі бастаушы, үй иесі, қожайын, көшбасшы мағынасында қолданылады. Келген қонаққа бас тарту, ол үлкен құрмет. Бірақ бас тартарда мына қонақтың әкесі барма?- деп сұрайды. Неге? Себебі әкесі бар бала бас ұстамайды. Қазақ дәстүрінде әкесі бар бала бас ұстаса, әкесі өледі деп ырымдаған. Екінші, бас ұстаған бала әкесінің орнына таласып жүр деп есептеген. Бұл дәстүрде терең философиялық терең тұжырым жатыр. Сол себептен әкені сыйлауға, құрметтеуге үйретіп, бақталастыққа тәртіпсіздікке жол бермеген. Бас тарту - кәде, жиын-той, аста, қонақ күткенде сойылған малдың басын қадірлі адамға сыбағалы, кәделі, сыйлы мүше ретінде тарту. Бас мүшесін дүниенің, жаратылыстың, әлемнің бастаушы күші деген ежелгі наным-сенімге байланысты оны жасы үлкен, сыйлы қонаққа немесе мәртебесі жоғары адамға Бас тарту байырғы ортада ежелден орныққан. Үйтілген қойдың басын піскен соң мандайынан айқастыра тіліп, табаққа салып әкеліп тарту ырымы қазақ арасында біркелкі атқарылады. Шығыс Қазақстан, Моңғолия, Қытайдағы қазақтар мұны бастың жолын ашу деп атайды. Онысы тігінен түскен біздің жол, көлденең түскен сіздің жол дегенді ырымдағаны. Бұл қонаққа жасаған құрметтің белгісі болып табылады. Қазақ арасында қой басының құйқасын тілуді қасқалдақтау деп те атайды. Айқас тілу немесе қасқалдақтау (қас таңбасы) ұқыптылықты қажет етеді. Яғни қасқалдақтағанда бас сүйегі құйқа арасынан ырсиып көрінбеуі тиіс. Бас тартудың аймақтық ерекшеліктері қалыптасқан. Сырдың төменгі ағысы бойындағы Қазалы өңірінде, Арал бойында қазақтар қонаққа бас тартқанда оң жақ құлағын кесіп алып, оны үйдің кішікене баласына береді де, қонаққа оң құлақсыз тартады. Бұл ырысым, несібем өз үйімде, өз босағамда қалсын дегенді ырымдағаны. Бұл жоралғы көршілес қарақалпақтарда да дәл солай атқарылады және этномәдени байланыс барысында олардың Қазалы өңіріне ықпалы болғанға ұқсайды. Оң құлақтың орнын жілік толтырады. Яғни басқа асық, ортан жілік сияқты кәделі жілік қосылады. Солтүстік, Орталық және Оңтүстік, Батыс қазақтарында қандай малдың басы болса да, тісі қағылмаған бас тарту «арам» деп саналады. Ал Жетісу, Шығыс, Моңғолия, Қытай қазақтары мал басының тісін қақпай, арасын шимен мұқият тазалап жуып асады. Осы өлкенің қазақтары бас тартылған қонақ тісіне қарап, «жас мал сойылды ма, кәрі мал сойылды ма, соны аңғарады» деп түсіндіреді және малдың тісін қағу, жалпы сүйек шағу мал басын кемітеді деп санайды. Бас тартылған адам әуелі бастың тұмсығын өзіне қарата ұстап, тұмсық ұшын Меккенің топырағын иіскеген деп кесіп алып отқа салып, одан кейін езуімізден май кетпесін деген ырым бойынша бастың оң жақ езуі құйқасынан бастап кесіп алдымен өзі ауыз тиіп, табақтастарына құйқадан жағалай ауыз тигізеді. «Құлағың сақ, жақсылыққа үйір болсын» деп, құлағын сол үйдің баласына немесе келініне береді. Көзін көзімдей бол деп жақын тартқап адамына, таңдайын сөзге шебер деген адамға немесе дәм татып отыр

Похожие видео

Показать еще